Арыста аустралиялық әдіспен ірі қараны бордақылау алаңы салынып жатыр

Жобаның жалпы құны 16,2 млрд теңгені құрайды және де 100-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Фото: Аграрлық несие корпорациясы

Түркістан облысы, Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және Түркістан облысындағы ең ірі кешендердің біріне айналмақ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қала әкімі Қайсар Маңқараевпен бірге кешеннің құрылыс алаңында болды. Өңір басшысы бірегей жобаның мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Арыс қаласындағы “Turkestan Agro.kz” ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді іріқара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады.

Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық “торлы” мал шаруашылығы әдісімен жасалады. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде биылғы жылдың соңына дейін бордақылау алаңына 15 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, ал 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады.

Сондай-ақ серіктестік бордақылау алаңы маңынан 4710 гектар алқапта суарудың жаңбырлату технологияларын қолдана отырып, малға арналған жемшөп дақылдарын өсіруді жөнге қоюда. Ол үшін әлемге әйгілі ауылшаруашылық техникасын шығарушы “John Deere” компаниясының өнімдерін сатып алуда. Бұл бастама мал бордақылау алаңын қажетті азық көлемімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бордақылау алаңында барлық жұмыс автоматты жүйеде жүзеге асырылады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы