Аманғали Бердалин Ұлытау облысының фермерлерімен аймақтағы АӨК өзекті мәселелерін талқылады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Ұлытау облысындағы жұмыс сапары аясында өңірдегі бірнеше кәсіпорнында болып, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Аманғали Бердалин өңірдегі сапарын фермерлерімен кездесуден бастады. Ол алдымен егін жинау науқанын сәтті аяқтаған шаруаларға алғыс айтты. Ұлытау облысында 0,6 мың тонна көкөніс дақылдары, 1,1 мың тонна картоп және 10,0 мың тонна дәнді дақылдар жиналды. Қысқы мал азығы үшін  539 мың тонна шөп, 4 мың тонна пішен және 40 мың тонна жемшөп дайындалды.

Вице-министр кездесуде өңір шаруаларына мемлекеттік қолдау туралы да жеткізді. Айтуынша, аймақтың АӨК-не 4,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 61,8 млн. теңге, мал шаруашылығына – 2,6 млрд теңге және қаржы құралдарына-1,4 млрд теңге. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ұлытау фермерлеріне 3,3 млрд теңге бөлінді. Соның арқасында ауыл тұрғындарына 104 шағын несие берілді. Сондай-ақ, өңірде 789 млн теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2024 жылға 3,6 млрд теңгеге 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Аманғали Бердалин Вице-министр жергілікті аграршыларды ерекше мазалайтын субсидиялар мәселесін де айналып өткен жоқ. Аманғали Бердалин субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін АШМ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін «күту парақтарын» енгізгенін айтты. Бұдан басқа, негізгі мемлекеттік ақпараттық базалармен интеграцияланған тегін ақпараттық жүйе субсидия алу процесін жеңілдетті.

Өз кезегінде фермерлер вице-министрден өнімнің экспорты мен импортына қатысты жағдай туралы сұрады. АШМ басшысының орынбасары министрлік импортты азайту үшін өңірлерде СҚО тәжірибесі бойынша СТФ құрылысына ерекше көңіл бөлінгенін түсіндіріп өтті. Аманғали Бердалин Ауыл шаруашылығы министрлігі мен еліміздің барлық фермерлеріне еттің өзіндік құнын азайту үшін жұмыс істеу керектігін, бұған жануарларды күтіп-бағудың және оларды азықтандырудың жаңа технологиялары көмектесетінін айтты.

Сондай-ақ, шаруаларды аймақта ветеринарлық зертхананың құрылуына байланысты мәселелер толғандыратын көрінеді. Вице-министр ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында Ұлытау облысында осындай зертхана ашу қарастырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта министрлік пен жергілікті атқарушы орган арасында ғимарат сатып алу немесе құрылыс мәселелері бірлесе пысықталуда.

Бұдан бөлек, Аманғали Бердалин ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы туралы халықты ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті. Ол ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, өйткені әр қожалық иесі, ол ШҚ, ЖШС немесе ЖҚШ болсын, өз мал басын түгендей алады. Осының арқасында ветдәрігерлер ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларды уақытылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.

Одан кейін АШМ басшысының орынбасары Ұлытау облысының аумақтық инспекциясына және Жезқазғандағы ветеринариялық зертханаға барды. Сарапшылармен әңгімелесу барысында Аманғали Бердалин ветеринарлық қауіпсіздіктің маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы аурулары бойынша жағдайды ұдайы бақылап отырғанын еске салды.

Осы сапарында вице-министр Жезқазған өнеркәсіптік аймағындағы «Ахтямов» ШҚ құс етін өндіретін құс фабрикасына да барды. Бүгінгі таңда 54 мың құс басын ұстауға арналған 2 құс қорасының құрылысы аяқталды. Жобаға 226 млн теңге инвестицияланды. Кешеннің жылына 1000 тонна құс етін өндіреді деп жобаланған. Өңір үшін тағы бір маңызды жоба сол «Ахтямов» шаруа қожалығының сою цехы. Цех Сәтпаев қаласында орналасқан. Вице-министрге цехтың күрделі жөндеуі аяқталғаны, сағатына 1000 бас автоматты сою желісі, сағатына 4000 бас ұшаны бөлу желісі орнатылғаны, қалдықтарды тазалау жабдығы іске қосылғаны баяндалды. Салынған инвестиция көлемі 113 млн теңгені құрайды. Вице-министр барлық жобалардың Ұлытау облысының дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар екенін және оның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатынын, сондай-ақ қажетті жұмыс орындарын тұрақты негізде қамтамасыз ететінін атап өтті. Сапар соңында Аманғали Бердалин ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлытау шаруалары көтерген барлық мәселелер мен ұсыныстар жан-жақты зерделенетінін жеткізді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы