Алматы облысы омарташылары биылғы өнімнің аз екендігін алға тартты

Алматы облысының омарташылары биылғы жазда жылдағыдай мол өнім ала алмапты. Бұған құрғақшылық пен ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Өңірде бал өніміне деген сұраныс артқанымен, шаруашылықтағылар тәтті шырын жоқ деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Марат Аспеков 25 жылдан бері омарташылықпен айналысып келеді. Биыл жылдағыдай өнім болмаған соң білікті маман бал сатуды тоқтатқан. Қазір араларына дәрі беріп, қыстыгүні шалдығытын әр-түрлі аурудың алдын-алып жатыр.

Марат Аспеков, омарташы:

– Осыған 200 грамнан құйып қоямыз. Олар оны тесіп қорытып, суын алып тастап таза сиропты несін қысқа жинап қояды. Қыста іші өтіп кетпеу үшін. Басқа аурулар да болады. Жақсылап тұрып дайындамасаң қыстамайды бұлар. Гнездаларын жинап тамақтарын реттеп, полный рамкаларын ортасына қойып, куча ғып жинап қоямыз.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Бұл шаруашылықта араға арналған мынадай 45 ұяшық бар. Омарташы жыл сайын одан 2 тоннаға жуық бал алып келген. Ал биыл құрғақшылыққа байланысты небәрі 100 келі өнім алыпты.

Жаңабай Байсихов та өткен жылғымен салыстырғанда балды бірнеше есе аз алыпты. Түсім төмендеген соң тұрақты тұтынушыларының кейбіріне тәтті шырын жетпей қалған екен.

Жаңабай Байсихов, омарташы:

– Биыл құрғақшылық, көктем салқын болды. одан кейін жаңбыр жоқ болды. барлық омарташылар мен сияқты, мандытып өнім алған жоқ. аз алып жатырмыз. Жылда жақсы алатынбыз, 30-35 фляга бір семядан алатынбыз. Биыл тек сегіз фляга алдық.

Алматы облысында ара өсіретін 200-ден аса шаруашылық бар. Жыл сайын олардан 270 тонна бал жиналады екен. Биыл сондай көлемде тәтті шырын алынуы тәтті арман болып тұр дейді омарташылар.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы