Ақсудағы көптен күткен қант зауыты неге шикізатсыз қалуы мүмкін?
Жетісу облысы Ақсу ауданының қант қызылшасын өсіруші фермерлері облыс әкімі Бейбіт Исабаевқа жанайқайын жеткізді. Айтуынша, биыл наурыз айында Ақсу қант зауыты іске қосылғанымен, шаруалар тиісті қызылша көлемін зауытқа бере алмайды. Бұған себеп мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар көлемі шаруалар шығынын жаппайтындығында, деп хабарлайды Agroqogam.kz тілшісі.
Жетісу өңірінің басшысы Бейбіт Исабаев Ақсу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында шаруаларға жағымды жаңалықты жеткізді. Биыл наурыз айында көптен күткен Ақсу зауыты өз жұмысын қайта жандандырады. Фермерлерге басты шикізат – қант қызылшасын тоннасына 40 мың теңгеге дейін субсидиялайды. Бұған дейін субсидиялау көлемі тоннасына 25 мың теңге болған. Әкімнің сөзінше, шаруаларға көмек беру мақсатында әрі өңірдегі қант өндірісін дұрыс жолға қою үшін бірнеше тараптың қызу пікірталасынан соң осы баға бекітілген. Десе де, қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруа Александр Витконың пікірінше, субсидиялау көлемі артқанымен, бұған дейінгі жылдары шығынға батқан фермерлер үшін бұл да аз. Сондықтан, олар биыл да зауытты қажет мөлшердегі шикізат көлемімен қамтамасыз ете алмай қалуы бек мүмкін.
«Біздің басты проблемамыз осы қант қызылшасы. Жағдай мүшкіл. Көктемгі егу-суару жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Инвесторлар зауыт салыпты, әрине өте қуаныштымыз. Алайда біз қазір бұл зауытты көлеммен қамтамасыз ете алмаймыз ба деген проблема алда тұр. Қант қызылшасымен айналысып жатқаныма 21 жыл болды. Біздің, Сарқан, Ескелді, Көксу аудандарындағы шаруалардың қазіргі көңіл-күйін жеткізгім келіп отыр. Жоғарыда отырған сіздер олардың мұңын білесіздер ме? Судсидияның 25 мыңын мемлекет, 15 мыңын зауыт бермек. Бірақ біз фермерлер соңғы екі жыл ішінде тақырға отырдық. Қант қызылшасы десе жүрегіміз айнитын жағдайдамыз», – деді ол.
Айтуынша, Ақсуда басты шикізаттың қажетті көлемін алу үшін бастапқы бір жылға судсидия көлемін тым болмағанда тоннасына 50 мың теңгеге жеткізу керек.
Зауыт 25 мың теңге берсін, сонда біз қызылша егеміз дейді. Келесі жылы біз бұл бағаны сұрамаймыз. Тағы оны теңге қоссыншы келісіне. Проблема шешіледі. Әрине, ешбір дақыл бұлай судсидияланбайды. Сіздер өте жақсы көмек беріп отырсыздар. Бірақ Қырғызстан бізге 37 мың теңге, ал Ресей 40 мыңнан көп ұсынып отыр. Мен осылай боларын біліп, былтыр екпедім. Себебі алдынғы жылы 50 гектарға, одан арғы жылы 70 гектар жерге қызылша егіп, еш пайда таппағанмын», – деді ол.
Ал облыс әкімі шаруаларға бұдан артық судсидия ұсына алмаймыз дейді. Себебі қазірдің өзінде олар бағаны бір жылға екі мәрте өсіріп, қолдан келген көмекті жасап отыр.
«Қазір зауыт тестілеу режимінен өтуде. 7 мың тонналық қойма дайын. Жыл соңына дейін 45 мың тоннаға дейін қант өңдеуді жоспарлап отырмыз. Зауыт тоннасына субсидиялаудан бөлек көлік шығындарын да субсидиямақ. Көксу зауыты болса сіздерге тұқымға, минералды тыңайтқыштарға, арзандатылған дизотынға гектарына 100 мың теңге көлемінде несие бермек. Бірақ егер сіз шын мәнінде патриот болсаңыз, біз бұдан артық субсидия мөлшерін көтере алмайтынымызды көтеруіміз керек», – деген ол зауыт фермерлерге бұдан артық жағдай жасай алмайтынын жеткізді.
Ал Ақсу зауытының құрылтайшысы Қайрат Оразбековтің пікірінше, зауыт шаруаларға қосымша 5 мың теңгені көліктік шығындар үшін төлеп бере алады.
«Зауыт төрт жыл бойы ашық болды. Алайда қызылша болмады. Үш аудандағы қызылша көлемін арттыру үшін келісіне 50 теңгеден төлеу керек деп отырсыз. Бізде бір емес, төрт зауыт бар. Бір зауыт бағаны көтерсе, қалғаны үшеуі де көтеру керек болады. Ережелермен бекітілген балансты бұза алмаймыз. Тек қана тасымалдау шығындары үшін деп 5 мың теңге қоса аламыз», – деді ол.
Жиында бұдан бөлек «Данияр» жеке шаруа серіктестігінің төрағасы Әшімғали Құсайынұлы қызылша өсірушілердің тағы бір проблемасы – су мәселесі екенін жеткізді.
«Менің қояйын деп отырғаным мынадай сұрақ, су жөнінде айтып өттіңіз. Барлыбек Сырттанов округында жерім. Сол ауылда 33 жеке шаруа серіктестігі бар. «Тамас» компаниясы сол жерге арық тартқанына 4 жылдан асты. Енді біздің проблемамыз мынада. Былтыр «Тамас» сол жерге 29 шлюз қоюы керек болған. Өтйені біз жаққа баратын арықтар арқылы жиырма гектар қызылшаға суды бұру үшін төрт жүз, бес жүз мешок топырақ салуымыз керек. Сондықтан бізге сушылардың келіп жұмыс істеуі қиын. «Тама» былтыр жиырма тоғыздың екеуін қойды, жиырма жетісі қойылған жоқ. Былтыр еккен қызылшамызды ала алмадық. Биыл да солай болғалы тұр», – деп шағымым айтты ол.
Өңір басшысы бұл мәселені шешу үшін «Тамас» ЖШС компаниясының биылғы жұмысын қадағалау қажет екенін айтты. Айтуынша, егер бұл мердігер тиісті жұмысты атқармаса, мәселены сот арқылы ғана шешу қалады. Ал бұл уақытта алады.
«Биыл да жұмыс істемейтін болса, келісімшартты бұзып, сотқа береміз. Ары карай мәжбүрлі түрде реттейміз. Бірақ бұл уақытты алайын деп тұр. Бұл сақалды проблема. Төрт жыл бұрын қол қойылып кеткен нәрсе. Маған дейінгі басшылар қол қойып кеткен. Шешеміз», – деп уәде берді әкім.