Ақмола облысының тұрғындары өздеріне тиесілі жерлерін қайтара алмай жүр

Осыдан 18 жыл бұрын жергілікті серіктестікке тапсырылған егістік алқабы банктен бір-ақ шығыпты.

Фото: unsplash.com

Агроқұрылым жер телімдерін кепілдікке беріп, ақшасын алып кеткен. Алайда, ауылдағы ағайын бұдан мүлдем хабарсыз болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жергілікті серіктестік басшылығы 600-ден астам адамның жер үлесін банкке кепілдікке қойған. Ауылдағы ағайын “біз ондай құжатқа қол қоймадық” деп отыр. Қазір егістіктерін қайтара алмай дал.

Тұрғындар жерді кім сатқанын білмейтін көрінеді. Себебі 18 жыл ішінде біраз серіктестік ауысыпты. Кепілге салынған жерді қазір Өркен ауылындағы “Дихан плюс” серіктестігі сатып алған. Алайда, тұрғындарға одан келер үлес жоқ.

Бұл  қолды болған жерлерін қайтарғысы келетіндердің бір бөлігі ғана. Тұрғындар қол жинап, арыз жазған. Облыс әкімдігі бұл мәселеден хабардар. Бірақ азаматтар өзара келісе алмай жатқандықтан, бұл дауға араласа алмайтын көрінеді.

“Облыста шартты жер үлестерін пайдалану құқығына байланысты 19 шаруашылық бойынша даулар орын алады. Оның 9-ы пай жерлерін банктерге беру және кейіннен оларды басқа заңды тұлғаларға беру кезінде пайшылардың құқықтарының жоғалуына байланысты. Әдетте, шартты жер үлестерін кепілге беру кезінде пайшылар болашақта өз үлестеріне құқықсыз қалу қаупіне ұшырайды. Бұл мәселелер жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейді”, – дейді Ақмола облысының АШ және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Рүстем Төкенов.

Қазіргі уақытта пайшылардың ісі сотта қаралып жатыр. Егер тұрғындардың жері заңсыз сатылғаны дәлелденсе, оларға аталған серіктестік жер үлесін бөліп беруге міндеттелуі мүмкін.  

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы