Ақмола облысында жаңа орман тұқымбағы ашылды

Жабық тамыр жүйесі бар тұқым станциясының кешені Щучинскте салынды. Заманауи нысанның құрылысына ғылым қоры есебінен 350 млн теңге бөлінді. Мұнда жылына 1 млн қарағай көшеті өсіріледі, деп хабарлайды 24KZ.

Фото: 24KZ

«Бұл көшеттердің сапасы дәстүрлі әдіспен өсірілетін тал-теректен едәуір жоғары. Себебі өскіндерді егу кезінде тамыр жүйесі бұзылып құрғатылмайды. Соның нәтижесінде жерсіну деңгейі 100 пайызға дейін жетеді. Тың тәсілмен өсетін қарағай көшеті жергілікті климатқа жақсы бейімделген», – дейді жоба жетекшісі.

Әлімжан Рақымжанов, Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:

– Негізгі бұл қарағай көшеттері дәстүрлі түрде екі жыл бойы өсіріледі. Ал біз бір жыл ішінде дайындап шығарамыз. Бұл жергілікті орман шаруашылықтары үшін тиімді деп санаймын. Жалпы тұқымбақты шағын зертхана деп қарастырсақ болады. Себебі мұнда кез келген орманшы, мейлі осы саладағы мамандар болсын тәжірибе жинақтай алады.

Тұқымбақ 300 шаршы метр аумақты қамтиды. Нысан толығымен автоматтандырылған. Заманауи қондырғылардың дені шетелден әкелінген. Өзге өңір өкілдері осындай тұқымбақ салуға үлкен қызғығушылық танытып отыр.

Мақсат Мұқанов, Қарағанды Орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының басшысы:

– Біз былтырдан бері айналысып жатырмыз. Бүгінгі күні бюджеттен ақша сұрап, жобаға кіргіздік. Келешекте жобалық сметалық жасалады деп ойлаймын. Осындай «теплица» салынады деп жоспарлап отырмыз. Соған байланысты осында келіп, тәжірибе алмасудамыз.

Қазірден бастап қарағай көшеттеріне сұраныс артқан. Орман шаруашылықтары мен жеке кәсіпорындар өскіндерді сатып алуға ниетті. Алдағы уақытта сала мамандары басқа да ағаш түрлерін егуді жоспарлайды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы