Ақмола облысында 167 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Ақмола облысында биыл 167 адамға қайтарымсыз грант беріледі. Аталған қаржы кейбір жас кәсіпкерлердің бизнес бастап кетуіне сеп болса, тағы біріне кәсібін одан әрі дөңгелетуге едәуір көмек. Осы мақсатта облыстық қазынадан 200 миллионға жуық теңге бөлінген, деп хабарлайды 24KZ.

Фото: pixabay.com

Темірлан Хафизов оқуын тәмәмдағасын мансап іздеп, білім қуған жоқ. Бірден өзінің туған жері Степняк қаласында наубайхана ашуға талпынады. Алғашында арнайы оқудан өтіп, «Бастау бизнес» жобасы аясында бір миллион теңге грант алады. Кейін кәсібін кеңейту үшін облыстық грантқа ие болады. Қазір кәсіпкер 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Наубайханасында нан өнімдерінен бөлек жартылай фабрикаттар да дайындайды.

Темірлан Хафизов, кәсіпкер:

– Қазір адал еңбек етіп, табыс табу өте маңызды. Себебі қазір көп кісілер жеңіл ақша тапқысы келеді. Мен оған келіспеймін. Егер адам маңдай терімен жұмыс істесе, түбінде ол жемісін береді деп ойлаймын. Менің ендігі мақсатым өнімдерімді түгел облысқа және іргелес қалаларға шығарғым келеді.

Біржан сал ауданында былтыр онға жуық адамға қайтарымсыз несие берілген. «Олардың басым бөлігі ауыл тұрғындары», – дейді мамандар. Ал биыл кәсіпкерлер қатарын арттырып, ауыл шаруашылығына баса мән беруді көздейді.

Сәрсенбек Сүлейменов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: – Алдағы қойып отырған мақсатымыз ет өнімдерін өндіру цехтарын ашу. Және наубайхана санын көбейту. Осы жылғы жоспарда 400 айлық есептік мөлшерде грант беру және облыс әкімінің грантының 5 млн.теңгеге дейінгі грантын алуға жағдай жасаймыз.

Ал аталған қолдаулардың барлығы қоғамдағы жұмыссыздықты жойып, халықтың кәсіппен айналысуы үшін жасалып отыр. Тұрғындар тарапынан да қызығушылық жоғары. Себебі соңғы жылдары кәсіпкерлікті оқыту шаралары едәуір жеңілдетілген.

Ерлан Мухамедин, Жұмыспен қамту және ӘБ үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары:

–  Бұрында біз адамдарды шақырып, жалға нысан алып оқытатынбыз. Қазір бұл шара әлдеқайда жеңілдетілді. Себебі тұрғындар онлайн білім алып, тест тапсырады. Біз былтыр екі мыңнан астам адамды оқыттық. Жоспарды екі есеге орындадық деп айта аламыз. Биыл да сондай меже қойып отырмыз. Жыл басынан бері 300-ден астам адам оқытылды.

Мемлекеттік бағдарлама тек кәсіп ашуға ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құруға да ықпал етеді. Биыл аймақта шамамен 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы