Абай ауданында мал басы 4% өсті
Абай ауданында мал басының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 4 % өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауданының негізі кәсібі мал шаруашылығы. Шаруа қожалықтары көбінесе жылқы мен сиырды өсіріп отыр. Атап айтар болсақ қазір 104 651 ірі қара мал бар.
Асыл тұқымды шаруашылық саны 44, оның ішінде қоймен – 22, ірі қарамен – 21, жылқымен – 1 шаруашылық айналысады. Қазіргі күні ауданда шаруа қожалықтары ірі қараға көбірек басымдық беріп отыр және өсім жақсы. Ұсақ бас былтырғы жылы 125033 бас болса, биылғы жылы 187196 бас бар.
– Шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламалар мен субсидияларды алып отыр. Олар, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануда. Шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан қолдау есебінде берілетін субсидияның 6 түрін алды. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды қолдауға деген нақты қамқорлығы. Соның арқасында жыл сайын мал басы көбейіп келеді,- деді Абай ауданының қоғамдық кеңес төрағасы Төлеубек Аманғазин.
Сонымен қатар шаруашылыққа қажет техникада алып жатыр. Өткен жылы 19 трактор, 17 қосалқы техника. Жалпы аудан бойынша шаруа қожалықтар өткізген субсидия қаражаты 803,1 млн теңге болды.
– Мал шауашылығындағы мал санын көбейту және асылдандыру бойынша мемлекеттің көптеген субсидиялық бағдарламалары бар. Осы бағдарламалар арқылы мал саны ғана емес, өнім сапасы да артып келеді. Бұл әрине елімізде азық-түлік қаупсіздігін қамтамасыз етіп, аграрлық саланың дамуына жақсы ықпал етіп отыр. Президентіміз елді-мекендерді, ауылшаруашылық саласын дамытып, ауылды көркейтуді тапсырды. Сол тапсырма жергілікті жерде орындалып, халық игілігін көруде, – деді ол.
Аудандағы шаруа қожалықтары Семейдегі сауда орталықтарында ұйымдастырылатын жәрмеңкеге тұрақты түрде қатысып келеді. Бұл өз кезегінде елімізде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға зор үлес қосып отыр.