А. Мырзахметов: Әлеуметтік – атаулы көмекті демеуқаржыландыру қажет

картинка для маленькой статьи - копияБүгінде азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттамауы нысанаға мықтап алынған. Ахуалды әр өңірдің тізгі­нін ұстаған әкім-қарарлар жеке бақылап отыр. Олар әр облыстағы ірі сауда орындарын аралап, сөре­лердегі тауар құнына көз жүгіртуде. Десек те сырт­тан дорбаланатын өнім бағасы өзгеріссіз қалуы екі талай. Оған «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер па­латасының тізгінін ұстанған Абылай Мырзахметов сенімді. Уәжі: шетелдік тауар құны валютаға тіке­лей тәуелді. Бұл ретте қарабайыр халықты арбап, қомақты кіріске кенелуді көздегендердің қитұрқы әрекеттеріне жол бермеген абзал.

– Біз бұл мәселені қалай шешуге тырысамыз? Әуелі ойға оралатыны әкім­шілік бақылау тетіктері. Оған сәйкес әкімдер ба­зарларды аралайды. Біз оған курс түзетілген сайын куә боламыз.

Бір қарағанда, бағаның негізсіз қымбаттауына жол бермеуде оның негізі бар. Бірақ, меніңше, әлеумет­тік-атаулы көмекті жүйелі түрде демеуқаржыландыру қажет. Азық-түлік себетін қалыптастыруға тартылатын салаларды субсидиялаған абзал. Тұрақтандыру қор­лары да әдіс-тәсілдердің бірі. Олар жылда жергілікті бюджеттен түзіледі және 500-ден бірнеше миллиард теңгеге дейін Тұрақтандыру қорын толықтыруға қар­жы жұмсалады. Олардың қалай жұмыс істейтінін қа­зіргі жағдай көрсетеді. Бұл да бағаны төмендетудің бір амалы, – деп атап өтті ол.

Венера Мұстафина

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы