350 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі форвардтық түрде сатып алынбақ

Тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 11,8 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен шамамен 350 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу жоспарланып отыр», – деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек ол тыңайтқыштар қолдану көлемін 53 мың тоннаға ұлғайту және олардың қолданылуын ғылыми негізделген қажеттіліктің 25,5 пайызына дейін жеткізу жоспарға енгізілгенін айтты.

«Бұл ретте тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 11,8 млрд теңгені құрайды, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сапалы тұқымдардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы ерекше бақылауға алынатын болады», – деді С. Омаров.

Айта кетейік, Қазақстанда жалпы егіс алаңы 86,4 мың гектарға ұлғайып, 22,7 млн гектарды құрайды.

Майлы, азықтық және көкөніс-бақша дақылдарының, сондай-ақ қарақұмық әрі қант қызылшасы сияқты әлеуметтік дақылдардың алаңдарын ұлғайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар бидай, күріш және мақта сияқты дара дақылдар мен ылғалды көп қажет ететін дақылдар егілетін алқаптар қысқартылады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы