•  

    Рубрика: Бизнес | Законодательство |  Просмотры - 2 206

    Техникалық регламенттің сақталуына қатаң бақылау қажет

    Елімізде саудаланатын тауарлардың төрттен бір бөлігі техникалық регламентке сәйкес келмейді. Олар қауіпсіздікті растайтын ешбір құжатсыз саудаланған. 81 пайызы азық-түлік өнімдерінің еншісіне тиген. Оның ішінде 19% қауіпті деп танылған.

    Кей өнімдер құжатсыз саудаланған

    Талап үдесінен шықпаған өнімдер легі жіпке тізілді. Сапаны нысанаға алған маман­дар 15 151 тауарды сүзгіден өткізген. Нәтижесінде 3936-сы техникалық регламентті бұза­тыны анықталды. Олардың көшін 81 пайызбен азық-түлік өнімдері бастайды. Балаларға арналған ойыншықтар мен тау­арлардың 14%-да олқылықтар табылған. Химиялық және мұнай-химиялық заттар, пар­фюмериялық-косметикалық өнімдер, азық-түлік саласы­на қатысты материалдар мен құрылғылар үштікті түйіндей­ді. Сараптама дәйектері мен деректерін ҚР Ұлттық эконо­мика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Техни­калық регламенттер мен сани­тарлық шаралар талаптарының сақталуын бақылау басқар­масының басшысы Нұрқан Сәдуақасов паш етті. Оның айтуынша, техникалық регла­менттің сақталмауы көбіне сүт өнімдерінде байқалған. Тек­серілген ақтың 26 пайызын­да кемшіліктер табылды. Оның соңынан ет және ет өнімде­рі – 15%, құс еті мен оның өні­мі – 13%, кондитерлік өнімдер – 10%, көкөніс өнімдері – 5%, шырын және алкогольсіз ішім­діктер – 1% ілескен.

    raznye-tovaryҚара тізімге енген өнімдердің 68 пайызында таңбалау ереже­лері бұзылғаны анықталды. Ал сарапталған тауарлардың 19% қауіпсіздік талаптарына сәй­кес келмейді, 13% орамада жазылған мәліметтер тұтыну­шыларға түсініксіз деп таныл­ды.

    Техникалық регламенттің «ала жібін аттаған» тауарлар шығарылған елдердің тізімі түзілді. 52 пайыз көрсеткішпен көрші Ресей көш бастаған. Оның соңынан қазақстандық тауарлар ілескен – 23%. Үштік­ті Қырғызстаннан дорбаланған қорытындылады – 4%. Талап үдесінен шықпаған тауарлар Беларусь және Украина елде­рінен де жеткізіледі.

    Сараптама нәтижесі көңіл көншітпейді. Өнімнің қауіпсіз­дігін дәлелдейтін құжатсыз оның сауда сөрелеріне жол тар­ту жайттары шаш етектен. Бұл бағытта 3 мыңнан астам жағдай тіркелді. Оның 796-сы бойынша тауарлардың ешбір құжаты бол­маған.

    Өнім бағасына назар аударыңыз!

    Ауыл шаруашылығы министрі де импорттық тауардың сапасы мен бағасына баса мән беру­ге шақырады. Асылжан Мамыт­бековтың бағамдауынша, сау­да сөресіндегі өнімді таңдауда оның арзандығына қызықпаған жөн.Олардың аты затына сай болмауы әбден кәдік.

    – Біз елімізге импорттың тасы­малдануына қарсы емеспіз. Бірақ оның атауы дұрыс болып, тұтынушы нені сатып алғанын айқын түсінуі тиіс. Бүгінде тех­никалық регламентті бақыла­уды Ауыл шаруашылығы мини­стрлігінің құзырына беру мәсе­лесі қарастырылуда. Себебі дүкендерімізде тұтынушыларды адастыратын және біздің өндір­ісімізге балта шабатын жайттар шаш етектен, – деп күйінді елі­міздің бас аграрийі.

    Елімізге сырттан жеткізілетін сары майдың және110 сұрыпты ірімшіктің құны 1 мың теңгеге жетпесе, оны алуға асықпаған жөн. Бұл өнімдердің сапасы сын көтермейді. Олардың табиғи заттардан жасалуы сенімнен гөрі күмән тудырады. Мини­стрдің алға тартқан айғағына сүйенсек, украиналық ірімшік­тердің кейбірі арзан ақ уыз-ви­таминді қоспадан өндіріледі. Сәйкесінше бағасы да отандық аттас өніммен салыстырғанда төмен.

    – Бір келі сары май алу үшін 21 литр сүт өндіру қажет. Қазір­гі нарықтағы ақтың литрі 70 тең­геге бағаланса, сары майдың келісі 1 500 теңгеден арзан болуы мүмкін емес. Себебі алдымен сүтті сепаратордан өткізіп, салқындатып, шайқап, кесіп, орамаларға салып, сауда сөрелеріне жеткізу керек. Ал бізде импорттық майдың құны 1 мың теңге тұрады. Сәйкесінше, бұл табиғи май емес, онда түр­лі қоспалар, пальма майы бар. Мұны тұтынушы білуі шарт, тиі­сті насихат жұмыстары қолға алынуы тиіс, – деп Асылжан Сарыбайұлы сөзін түйіндеді.

    Импортты алмастыруға бетбұрыс бар

    import_44Ақтөбеліктер сырттан дорба­латын өнімдерге алақан жай­мау үшін қолда барды кәде­ге жаратуға бекінді. Бағаны тұрақтандырып, отандық шару­аларды демеудің бір амалына айналған кооперацияны қам­шылаудың алғашқы жемістері сезінген. Енді аймаққа оңтүстік өңірлерден 100 тоннаға жуық көкөніс өнімдері тікелей жеткі­зіледі. Тұңғыш мәрте қызылор­далық және жергілікті ауыл­шаруашылық тауар өндіруші­лер мен өнеркәсіптік кәсіпо­рындардың жәрмеңке-көрмесі ұйымдастырылған. Енді өңірге оңтүстік қазақстандық және жамбылдық агроқұрылымдар ат арылтпақ.

    Биыл Ақтөбе, Батыс Қаза­қстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері және InalcaEurasia трансұлттық компаниясы келі­сімді құптаған. Құжат аясын­да етті мал шаруашылығында өңіраралық кооперацияға жан бітіру діттелген. Тың бастамаға бағытталған инвестиция көлемі 100 млн еуроны құрамақ. Оның арқасында Ақтөбе облысын­да жалпы қуаттылығы 44 мың ірі қараға жететін бордақылау алаңдарын іске қосу меже­ленген. Сондай-ақ, қолдағы ет комбинаттарын жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ.

    Венера Мұстафина

    Ссылки по теме:

    В Западном Казахстане появится несколько новых производств

    Южный Казахстан: Местная курятина вытесняет импортную

    Тұтынушының көңілі импортқа ауа ма?

    В Омской области к производству сельхозтехники привлекут военные заводы

    Стоимость услуг «Астык Транс» в экспортном/импортном сообщении вырастет до 12%

     

     Опубликовано 24.08.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      10°
      6°
      Сб
      7°
      Вс
      7°
      Пн
      10°
      Вт
      8°
      Ср
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian