Құс қиығынан тыңайтқыш алынады

Еліміздің агроөнеркәсіптік саласында тың технологияны ту еткен қайта өңдеу кешені өмірге жолдама алды. Құс саңғырығынан тыңайтқыш өндіретін зауыт тұңғыш. Ол Оңтүстік Қазақстан блысында бой көтерді.

Бүгінде құс шаруашылығы арқылы нәпақа айыратын- дардың қарасы қалың, сала­ны жандандыруға бетбұрыс оң. Алшаңдап бассақ та, жыл санап іске дендеп кіріскен фабрикалардың қатары ар­тып келеді. Оның арқасында ішкі нарықтағы «Қазақстанда шығарылған» белгісі соғылған өнімнің үлесі еселенбек. Бірақ бөркімізді аспанға лақтырмай, қалдықты ұқсатуға да баса мән берген ләзім. Себебі бүгінде құс шаруашылығына ден­деп кіріскендер оның қиына да салық төлейді. «Әуелде ауылшаруашылық қалдықтарға салық ендірілген кезде біз ұзақ уақыт бойы ортақ тоқтамға келе алмай, құс шаруашылығының қ ұқық тарын қорғауға ты- рыстық. Себебі тауықтың саңғырығы малдың қиы үшін үшін төленетін салықтан да бірнеше есе жоғары еді. Нәтижесінде мәселе біздің пайдамызға қарай шешіліп, құс пен малдың қалдықтары үшін қоршаған ортаға төленетін эмиссия көлемі теңестірілді», – деп мәселенің байыбын «Құс өсірушілер одағы» ЗТБ президенті Руслан Шәріпов тергіштеді.

Бар гәп қидың жылдар бойы жиналып, кәдеге жа­ратылмайтынына тіреледі. Оның кесірі түптеп келгенде қоршаған ортаға әрі адам денсаулығына тиеді. Мамандар 40 мың жұмыртқалайтын тауық не нарықты 10 млн етті шөжемен қамтитын ор­таша қуаттылықтағы фабриканың негізінде есеп-қисап жүргізген. Оған сәйкес бір жыл­да шамамен 35-85 мың тонна құс саңғырығы және концентрациясы жоғары органикалық қоспалары бар су жинақталады.

– Экологияға қауіпті әрі жыл­дар бойы жиналған құстың саңғырығынан арылуға бел будық. Оны қайта өңдеп, органикалықтыңайтқыш түрінде кәдеге жаратуға жол ашылмақ. Оның арқасында құс фабрикаларын әбігерге салған мәселеге нүкте қойы- ла ды және о ған қ аржы шығындамай, керісінше кіріске кенелуге мүмкіндік бар”, – дейді «Шымкент құс» ЖШС бас ди­ректоры Айдар Досболов.

Қалдықтарды бірден тыңайт- қыш ретінде пайдаланудың арты мәз болмай, өсімдік ата­улы құрып кетуі ықтимал. Әуелі оны кептіріп, кейін биоэнергетикалық қондыр- ғының арқылы 500 градуста қайнатады. Осылайша зауыт тыңайтқыштың 70 тоннасын бір күнде шығаруды жоспарлап отыр. Экологиялық тұрғыдан таза әрі сапалы тыңайтқыш топырақты байытып, оның құнарлығынарттыруға септеседі. Мамандардың дәйе- гінше, оның оның әсер ету мерзімі ұзақ, сәйкесінше екі не үш жылда бір мәрте кәдеге жаратқан ләзім. органикалық тыңайтқыш топырақтың құнарлығын арттырады, «көктің» жайқалуына дем береді.

Іргесі қаланған со- ны зауыт мұнымен шектеліп қалмақ емес. Келешекке артылған меже салмақты. Құс саңғырығынан тыңайтқышпен қатар қуаттың баламалы көздерін өндіру діттелген. Көкс еген дері іске асса, шыһарда газ бен электрэнер­гиясын өндірудың тың амалда­ры өмірге жолдама алмақ.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы