2016 жылдың басынан 5,2 млн тонна астық экспортталды
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифингінде БАҚ өкілдері ауыл шаруашылық өнімдерінің халықаралық саудасының көрсеткіштерімен таныстырылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері еліміз өсімдік өнімдері бойынша ұнның астықтық баламасымен қоса есептегенде 5,2 млн тонна астық экспорттады. 2015 жылы шетелдерге 7 млн тонна өнім сатылған еді.
Еліміздің өнімдерін алушылар бұрыннан алыс-берістегі Орта Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан) және де Ауғанстан, Иран, Әзербайжан.
Сонымен қатар, отандық астық және одан өңделген өнімдер Қытай, ЕО мемлекеттерінің нарығына, Солтүстік Африка және Таяу Шығысқа жеткізілетін болады.
Еліміздің 2015 жылғы астық импорты 129,3 мың тонна (2014 жылға салыстырмалы түрде 71,9 мың тоннаға жоғары), соның ішінде, бидай – 59,7 мың тонна, арпа – 23,7 мың тонна, жүгері – 22,6 мың тонна, күріш – 22,4 мың тоннаны құрады. Импорт Әзірбайжан, Түркия, Украина, Үндістан, Қытай мемлекеттерінен келеді. Импорттың экспорт арасалмағындағы үлесі 0,3%-ды құрайды.
Также читайте:
Казахстан экспортировал более 4 млн тонн зерна в Иран
Н. Назарбаев: Казахстан и Россия должны активно сотрудничать в вопросах экспорта зерна
ҚТЖ перевезло 200 тысяч тонн казахстанского зерна в Китай
Прошел брифинг касательно экспортного потенциала сельхозпродукции на китайский рынок