Органикалық егіншілікке бір қадам
Органикалық өнімдердің нарығы жыл санап артып келеді. Елімізде де ілгерілеу байқалады. Қыл аяғы экологиялық егіншілікке қан жүгіртуге ынталы бастамашыл топ қалыптасқан. Олар органикалық өндірісті реттейтін құқықтық тетіктердің күшіне енуін қолдап отыр.
Құқықтық реттеуге зәруміз
Қоршаған ортаға зиян келтірмей, топырақтың құнарлығын сақтау – нысанаға алынған басым міндеттердің бірі. Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы соның бір айғағы. Өткен жылы бекітілген құжаттың үшінші бағыты бойынша органикалық егін шаруашылығына қан жүгіртілмек. Оған сәйкес жерге сіңірілген дән түрлі қоспалардан, синтетикалық тыңайтқыштардан ада болуы тиіс. Дақылдың шығымдылығын арттырудың нәтижесі еліміздегі табиғи қорлардың зардабына айналмағаны абзал.
– Біріккен Араб Әмірлігі, Моңғолия органикалық егіншілікті кеңінен қолғаалып, басымды бағыт ретінде айқындады. Біз де мәселеге дендеп кірісуіміз қажет. Биогумустың, жауын құрттарының арқасында топырақтың құнарлығын сақтап, оның эрозияға ұшырауына, сортаң дауына жол берілмейді. Қыл аяғы өнімділікті 2-3 есе арттыруға мүмкіндік бар. Ал өндірілген органикалық өніммен өзімді қамтып, сыртқы нарықтағы сұранысты да өтеуге әбден болады, – деп мәселенің жай-жапсарын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева жіпке тізді.
Бүгінде өнімнің сапасына әрі табиғи тазалығына баса мән беретіндердің қарасы артты. Жер-жаһандағы 160 мемлекет органикалық егіншіліктің қыр-сырына қанық. Олардың 85-де экологиялық әдісті реттейтін арнайы заңнамалық құжаттар бекітілген. Елімізде де тың бағытқа бетбұрыс бар. Бүгінгі таңда танап басында 200 мың тонна органикалық тыңайтқыш қолданылады. Оның құлашын кеңінен сермеуіне жол ашық, алғышарттар да қалыптасқан. Бірақ әзірге түрлі қоспалардан бас тартып, табиғи таза өнім өндіруге кіріскен шаруаларды демеудің өзі қиынға соғатыны хақ. Бар гәп органикалық өндірісті реттейтін нақты саясаттың, арнайы заңнамалық тетіктердің жоқтығына тіреледі.
Кесірінен шаруа шатқ аяқ тап, экологиялық егіншілікке қан жүгіртуде аяққа тұсау салынады.
– Әзірге органикалық егіншілікке бет бұрған тауар өндірушілер үшін мамандандырылған арнайы мемлекеттік қолдау бағыты қарастырылмаған. Олар қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар аясында, соның ішінде басымды дақылдарды өсіруге, құныарзандатылған жанаржағармайға, зиянкес тер мен күресудің биологиялық әдісіне үлестірілетін демеуқаржыны иелене алады. Органикалық өндірісті реттейтін нормативтік-құқықтық база қабылданған соң, мемлекет тарапынан да арнайы қолдау көрсетілмек. Құжатта сертификаттау, сертификаттайтын органдардың аккредитациясы, әкімшілік сипаттағы бірқатар
шаралар, бақылау ескерілуі тиіс,- деп ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары Бақыт Ілиясов мәселені тергіштеді.
Қалдықтан кіріс тапқан
Тұтынушының сұранысын түй- сінген шаруалар да органикалық тыңайтқыштарға иек артуда. Келешекте үрдіс тамырын тереңге жайып, жауын құрттары арқылы нәпақасын айыратындар қалыңдайтынына ресейлік «Грин ПИКъ» ААҚ бас директоры Сергей Конин сенімді. Оның сөзіне сүйенсек, әлемдегі сапалы органикалық тыңайтқыштардың жылдық көлемі көбеюдің жолына түскен. Ұлыбританияның өзінде органикалық қалдықты жауын құрты арқылы «іріп-шірітетін» шаруа
шылықтардың қатары 500-ден асып жығылады. Мамандардың есеп- қисабына қарағанда кәсіптің тиімділігі 300 пайызға жетеді.
Оны дайындаудың өзіндік әдісі бар. Негізгі салмақ жауын құрттарына әрі
адамның қол күшіне түседі. Шикізат ретінде органикалық қалдықтар кәдеге жарыталды. Үйілген малдың қиына құрттар жіберіледі. Шамамен 40-50 күн ішінде биогумусты алып, тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол ашық.
– Минералды тыңайтқыштардағы ауыр металдардың тұздары дәнге сіңеді. Ал гуминді заттар оларды байланыстырып, суда еруіне жол бермейді. Нәтижесінде өнімділік артып, дақылдың ауруға ұшырауы да шамамен 20 есе төмендейтін көрінеді. сәйкесінше әзірге биогумус өсімдіктің тамыр жүйесін зақымдамайтын жалғыз тыңайтқыш саналады. Бір сиырдың жылдық қиын өңдесек, 12 тонна биогумус алынады, – дейді ол.
Бүгінде Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыс- тарында және елорданың маңында органикалық тыңайтқышты дайын
дайтын шаруашылықтар бар. Тек олардың саны некен-саяқ. Сәйкесінше экологиялық егіншілікке жан бітіру үшін мал шаруашылығын мықтап қолға алған ләзім. Оның арқасында органикалық қалдықтармен қам- тамасыз ет у жолға қойылмақ. Бұл ретте қ ұзырлы министрлік мал шаруашылығын серпілтетін бағдарламаларды қабылдаумен шектелмей, ынталандыру тетіктерін де ендірмек. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес қазіргі таңда тек минералды тыңайтқыштар ғана демеуқаржыландырылады. Құжатқа түзету енгізіп, органикалық ты- ңайтқыштарға да субсидия қарастыру жоспарланған. Бірақ әуелі тиісті техникалық регламент қабылдануы қа жет. Онда органикалық жер шаруашылығын дамытудың нормалары, тыңайтқыштың органикалық түрлері қарастырылуы тиіс», – деп Бақыт Мәдиұлы құқықтық реттеудің қажеттілігін атап өтті.
Сертификаттау ережелерін қабылдау қажет
Шетелдік сарапшылардың мәлі- меттеріне жүгінсек, еліміз органикалық технология арқылы өңделетін алқап- тардың көлемі бойынша Орталық Азияда алғашқы үштікті түйіндейді. Еншіміздегі егістіктердің 7 пайызға жуығында органикалық тыңайтқыш кәдеге жаратылады. Негізінен аталмыш алқаптар дәнді дақылға тиесілі.
Оның экологиялық қауіпсіздігін растап, сертификаттау үшін отандық өндірушілер батыстың бақылаушы мамандарына жүгінуге мәжбүр. Жылына бір мәрте еуропалық арнайы сертификаттайтын мекеме өкілдері ат басын бұрады. Топырақ сынамасы алынып, шаруашылықтың жерді өңдеу тәжірибесі зерделенеді. Нәтижесінде оның шығындары өнімнің ақырғы құнына ә сер е тетіні д аусыз. А л шетелдік зертханалардан оң «бата» алған жергілікті шаруалар дені Еуропа Одағы мемлекеттерінің нарығын бағындырады.
Жүйені оңтайландыру үшін елімізде органикалық өнімдердің сәйкестігін растайтын мекемелердің іргетасы қалаған ләзім. Бастамашыл халық қалаулыларының пікірі осыған саяды.
– Органикалық өнімдерді серти- фикаттаудың, «органик кз» атауын тағайындаудың арнайы ережелерін қабылдау қажеттігі туындап отыр. «Экологиялық өнім» деген түсініктің мағынасы өте кең. Біздің бастамамыз тікелей тамақ өнеркәсібіндегі
органикалық өнімге байланысты. Мәселен, егер шаруа сүтті өңдеуге бет бұрса, онда малға берілетін азық технологиялық тұрғыда тазалығы, түрлі қоспалар, гендік модификацияланған өнімдер қолданылмайтыны тексе- ріледі. Екіншіден, малдың ауру емес екендігіне көз жеткізу қажет. Түптің түбінде барлық сынамалардан өткен өнім сауда сөрелеріне жол тартып, органикалық атанады. Оны кез келген тұтынушы еш күмәнсіз сатып алуы үшін бақылау, тексеру жүйесінен мін табылмауы шарт, – дейді халық қалаулысы Айгүл Сағадибекқызы.
Қазіргі таңда халық қалаулылары тиісті заң жобасының әзірленуіне бастамашыл болған. Құзырлы министрлік те депутаттардың ұсынысын қолпаштап отыр.
Сыртқы нарық бағындырылмақ
Мамандардың пайымынша, әдеттегі өндіріске қарағанда органикалық егіншіліктің бейнеті басым. Соңғысында қол еңбегіне салмақ түседі. Оның әсері дайын өнімнің құнында байқалады. Қыл аяғы қарапайым азық-түлікке қарағанда баға айырмашылығы 2-3 есе қымбат болуы ықтимал.
– Халықтың белгілі бір санатында органикалық өнімге сұраныс болатыны даусыз. Ең алдымен, бұл инновациялық бағыт ретінде экспортқа қан жүгіртуге септеспек. Себебі ЕО мемлекеттері, көрші Қытай, Орталық Азия елдері экологиялық өнімді сатып алуға қызығушылық білдіруде. Ал біздің жер учаскелерінде табиғи таза өнімді өсіруге мүмкіндік мол. Органикалық өнімдер ретінде әуелі дәнді және майлы дақылдарды өсіруге болады. Оның ішінде соя, рапс, күнбағыс бар. Мәселен, Қытайдың өзі жылына 4-5 млн.тонна соя тұтынады. Сондықтан сыртқы нарықты бағынды- руға жол ашық. Меніңше, бұл дамудың болашағы бар бағыты. Бүгінгі күннің өзінде экологиялық таза дәнді дақылдың 100-160 мың тоннасы сыртқы тасымалдануда.
Қазіргі таңда «Жасыл» экономика мен G-GLOBAL дамыту үшін коалициясы» ЗТБ ресейліктермен тәжірибе алмасып, биогумыстың стандартын әзірлеуге мықтап кіріскен. Үкіметтік емес ұйым біліп-түйгенін оқыту курстары арқылы шаруаларға меңгертпек. Білімді шыңдау «дәрістері» келесі жылдан бастап ақылы жүргізілмек. Әзірге бірлестік органикалық егіншікке бет бұрған шаруа қожалықтар мен тауар өндірушілердің тізімін түзуді діттеп отыр.
Түйін ретінде: «Өсімдіктерді қор ғаудың биологиялық әдісін демеу- қаржыландыру» бағдарламасының өмірге жолдама алғанына екі жыл. Оның өміршеңдігі мен тиімділігін сын садағына алу үшін «ақ алтын» өндірісінде ілкімді жоба қолға алынған. Оған сәйкес биоагенттерді сатып алуға немесе биологиялық препараттарды пайдалануға ауылшаруашылық тауар өндірушілердің жұмсаған шығынының 40 пайызға дейінгі көлемін мемлекет демеуқаржыландырылады. Мәселен, мақта 130-140 мың га егілсе, оның 40-50 гектарында биологиялық әдіс қолданылады. Құзырлы министрлік мамандарының сендіруінше, таза биологиялық әдістің химияға қарағанда қоршаған орта мен адам денсаулығы әсері төмен.
Венера Мұстафина