Одан алынған өнімдерге ECOPRODUCT деген патент алғым келеді. Соны қалай жасаймын?
Сұрақ
Сәлеметсіз бе. Өзімнің жеке шаруашылығым бар еді. Мен түйе, сиыр, бөдене бағамын. Солардың өнімдеріне ECOPRODUCT деп, ат қойып, соны бренд қып әрі өзіме патенттеп алғым келеді. Соны қалай жасаймын? Сіздер маған көмектесе аласыз ба?
Жағдайды анықтау
«Органикалық өнімдерді өндіру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423-V Заңы 14 бабының 3 тармағына сәйкес, тек «био» және «эко» сияқты белгілерді бірге немесе жеке түрде органикалық өнімдерді таңбалау және оны жарнамалау кезінде ғана пайдалануға жол беріледі. Заңның 14 бабының 3 тармағында көрсетілген белгілерден басқа кезкелген белгілерді қолдануға болмайды, оның ішінде тауар таңбалары, сондай-ақ кезкелген белгілермен таңбалау және жарнамалау әдістері тұтынушыға осы өнімді немесе оның өндірісінде пайдаланылатын ингредиенттері Қазақстан органикалық өнімдерді өндіру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған деп тұтынушыны адастыруы, жаңылыстыруы мүмкін.
Жауап
Егер сұрақтың авторы Заңға сәйкес органикалық өнімді өндіруші болмаса және органикалық өнімі, оның сертификаты қолында болмаған жағдайда, өз өнімін ECOPRODUCT белгісімен белгілеуге құқығы жоқ.
Жанна Батабаева
24.09.2018 ж. жауап