Қазақстан қозы етiн шетелге экспорттай бастады – АШМ

Қазақстан биыл қой етiнен қозы етi өндiрiсiн субсидиялауға көшіп, оны алғаш рет Иранға экспорттады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бiрiншi вице-министрi Қайрат Айтуғанов Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Елбасы бiзге субсидия тиiмдi болу керек деп тiкелей тапсырма бердi. 2017 жылға дейiнгі субсидиялардың 65 түрiн қайта қарап, бiразын өзгертiп, қысқарттық. Бұл бiзге не бердi? Бiрiншiден, аталған қаржылай көмектердiң тиiмдiлiгi артты. Яғни, субсидияларды қайта қарау бюджеттiң 25 млрд теңгесiн үнемдедi. Ал өзгертiлген критерийлер ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн 29 пайызға арттырды. Осыған байланысты өсiмдiк және мал шаруашылығы салаларында түрлi өзгерiс болды», – дедi 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын таныстырған Айтуғанов.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Вице-министр мал шаруашылығы, оның iшiнде қой шаруашылығы саласында болған өзгерістердi де атады. Оның мәлiметiнше, егер бұрын қой шаруашылығы субсидияланса, биыл қозы етi өндiрiсi субсидиялана бастады.

«Бұл әлемдiк тәжiрибе. Биыл қой етiнен қозы етi өндiрiсiн субсидиялауға көштiк. Бұл дамуға түрткi болды. Биыл қозы етiн алғаш рет Иранға экспорттадық. Қазiргi таңда экспорт жалғасып жатыр. Иранға қозы етi Батыс Қазақстан облысынан экспортталып отыр. Батысқазақстандық кәсiпорын Иранмен 1,5 мың тонна қозы етiн экспорттау бойынша келiсiмшартқа қол қойған», – дедi Қайрат Айтуғанов.

Вице-министр бұрын сиыр етi үшiн 175 шаруашылық субсидия алса, бүгiнде олардың саны 522-ге жеттi дейдi. Оның мәлiметiнше, сүтке субсидия алу 269-дан 532 шаруашылыққа жетсе, қой етiне 1,3 есеге ұлғайған. Жүн өңдеу үшiн субсидия 3,6 есеге өсiп, 50-ден 180 шаруашылыққа жеткен.

Сондай-ақ, ол тыңайтқыштар мен жүн өңдеудi субсидиялау тәсiлдерiнiң өзгертiлгенiн айтты.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы