Фермерлерді ауылшаруашылық кооперативін басқаруға арналған семинарларға шақырамыз
2017 жылдың 23 қазаны – 25 қарашасы аралығында ҚР АШМ Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша АӨК ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында «Ауылшаруашылығы өнімдерін тауарлы өндіріспен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативін басқару негіздері» атты көшпелі семинарлар өткізеді.
Семинар ауылшаруашылық кооперативтері қызметкерлері, шаруашылық басшылары, ауылдық округтердің әкімдеріне арналған.
Жиын бағдарламасында АШК құқықтық, экономикалық мәселелері (АШК-нің келешектегі модельдері, қызмет ету бағыттары), салық төлеу ерекшеліктері және есеп-қисап жүргізу, АШК мемлекеттік қолдау және реттеу (субсидиялау түрлерінің ерекшеліктері); АШК-ге сервистік қызмет көрсету, АӨК басқа да салаларымен қарым-қатынасы және т.б мәселелері бар.
Семинар аясында сұрақ-жауап сессиялары болады. Онда эксперттер қатысушыларға кәсіби кеңес береді.
Қорытынды жиындар әрбір облыс орталықтарында өтеді.
Толық ақпаратты call-орталыққа 8-800-080-80-10 номеріне немесе 1432 қысқа номеріне телефон соғу арқылы ала аласыздар.
Сол сияқты семинар графигі, бағдарламасы, лекциялар, презентациялар, кітапшаларды agrobilim.kz порталынан жүктеп алуға болады.