Елікті заңсыз аулағандар ұсталды
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары бірге рейдтік іс-шара өткізді.
Шара барысында Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында «Тайота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі және аңшы мылтығымен жарық түсіретін шамды қолданып, заңсыз аң аулап жүрген екі азамат ұсталды. Тексере келгенде, браконьерлермен бір дарақ сібір елігінің заңсыз ауланғаны анықталды.
Аталмыш факті бойынша құқық қорғау органдары тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Также читайте:
Задержаны браконьеры за разделкой туши лося
Пятерых браконьеров задержали в Карагандинской области
Браконьер из России отстреливал косуль в Костанайской области
Браконьерство препятствует развитию рыбной отрасли в Казахстане – Минсельхоз