Электрондық қолхаттар мөлдірлікті арттыра ма? (талдау үшін)

Биылғы шілде айынан бері қағаз түріндегі астық қолхаттарына қол бұлғанды. Енді астық операцияла­рын жүзеге асыру үшін құжаттың электрондық үлгісімен қамдану қажет.

Күдіктен гөрі үміт басым

Батысқазақстандық Ербо­лат Нетқалиев бірнеше жылдан бері жерден ризығын тауып жүр. Зеленов ауданының тұрғыны өткен жылы 300 гектарға дән сіңірген. Биыл көрпесіне қарай көсіліп, сары алтын жайқала­тын алқаптың көлемін қысқар­туды ұйғарыпты. Айналым­дағы қаржымен қатар қажет­ті құрал-сайман да қат. Сатып алайын десе, оның құны қалтаға салмақ салады. Әзірге диқан тех­никаны ауылдастарынан жалға алады. Биылғы орақ науқанын­да да таныстарына қолқа сал­мақ. Олармен дән немесе ақша түрінде есеп айырысады.

Зерно_014

– Биылғы өнімділік көңіл көн­шітетініне үміт артамыз. Дәннің пісуіне ауа райы да септігін тигі­зуде. Шаруашылығымызда астық сақтау қоймасы жоқ. Бұйырған сары алтынды ауылдағы элева­торға тапсырамыз. Биыл жаңа жүйе бойынша құжаттар тол­тырылады. Элеваторда сарыла күтпей, астық қолхаттарының электрондық нұсқасын компью­тер арқылы аламыз. Енді элева­торлардың әрекеттерінің мөл­дірлігі қамтамасыз етілетін болар, – деп топшылады «Нетқа­лиев» ШҚ жетекшісі.

Егіншіліктің қыр-сырын бес саусақтай меңгерген Еркебұлан Мәмбетов 20 жылға жуық уақыт­тан бері танап басында тер төгу­де. Солтүстікқазақстандық шаруа ел қамбасына берекелі өнім құйылатынына сенімді. Табиғат тосын мінез танытпай, өңірде егін бітік шыққан. Бүгінде күн ысып, дәннің пісіп-жетілуіне мүмкін­дік бар. Тәжірибелі диқан биыл егістік алқабын ұлғайтқан. Көк­темгі дала жұмыстары барысын­да 20 мыңнан астам гектар алқа­пқа дән сіңірілді. Оның дені сары алтынның еншісінде. Май­лы дақылдардың көлемі көбей­тіліп, 2,5 мың га рапс, зығыр, қарақұмық жайқалды. «Мәмбе­тов және К» коммандиттік серік­тестігі мал шаруашылығын қолға алғандықтан, жем-азық дақыл­дары да назарсыз қалмады.

– Биыл ауа райы ренжіткен жоқ. Өткен жылмен салыстырған­да биыл дақылдардың шығым­дылығы көңіл көншітеді. Арпа мен сұлу пісті. Оны дер кезінде ысырапсыз жинап алу қажет. 9 тамыздан бастап орақ науқаны­на кірістік. Еншімде элеватор жоқ. Дәнді дақылды тек уақыт­ша сақтау мүмкіндігі бар. Сон­дықтан сары алтынды жыл­да Мамлют ұн үгу комбинатына сақтауға тапсырамыз. Элеватор­лардың тапшылығы мәселесі­не тап болған емеспін. Тек 2014 жылы астықтың ылғалдылығы жоғары болып, оны кептіру­ге кезекке тұрдық. Бұл ретте астық қолхаттарының электрон­дық жүйесі қолданысқа енге­ні құптарлық. Мен уақытымды үнемдеп, құжатты толтыру үшін түрлі есіктерді қақпаймын. Қол­хатты жұмыс орнымда рәсім­деп, мәліметтерді тұрақты түр­де тексере аламын. Енді сенімді­лік артады, – деп мәселенің мән-жайын Мамлют ауданындағы ірі «Мәмбетов және К» коммандит­тік серіктестігінің бас директоры тергіштеді.

Электрондық жүйеге бетбұрыс

Астық қолхаттары жүйесі елі­мізде 2002 жылдан бері кәдеге жаратылуда. Тек қағаз күйіндегі құжат сенімнен гөрі күдік ұяла­тқан. Қыл аяғы кей элеватор­ларда ойдан шығарылған сары алтынның көлеміне астық қол­хаттары жазылған. Ресми мәлі­меттерді сөйлетсек, соңғы 10 жылда астық қолхаттарының 185 мың бланкісі басып шығарылды. Оған қазынадан үлестірілген қаражат қомақты – 156 миллион теңге. Мамандардың есеп-қи­сабына сәйкес еліміздегі элева­торлар бір жылда орташа алған­да 31 миллион теңгені жұмсаған. Асыра сілтеушілікке жол бермей, қарастырылған қаржының көле­мін қысқарту үшін заманның жаңашылдықтарына иек арту діттелді. Биылғы шілденің 23-нен электрондық астық қолхаттары заңды түрде қолданысқа енгізіл­ді. Енді астық операцияларына қатысатын диқанның және эле­ватор қызметкерінің әрекеттері айнадай айқын көрінбек. Жаңа жүйенің артықшылықтарын жіпке тізген шенділердің уәжі: мөлдірлік артса, жүйеге деген сенім күшейеді.

Жаңа үлгідегі астық қолтаңба­ларын www.minagro.kz сай­тынан алуға болады. Ол үшін электрондық сандық қолтаңба қажет. Бүгінде оны 196 астық қабылдау кәсіпорны және 4 мыңнан астам диқан иеленген.

– Порталға Ақмола облысын­да 59 астық қабылдайтын орын, яғни бұл жалпы элеваторлар­дың 28%-ы, СҚО-да 49 (29%), Қостанайда 43 (20%), БҚО-да 13 (6%), ШҚО-да 9 (4%) тіркелді. Негізгі астықтық 5 өңір бойынша жаңа жүйеге 179 астық қабыл­дау кәсіпорны көшті. Еліміздегі астықты сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 14 млн 839 мың тоннаны құрайды. Олар­дың 90 пайызында теміржолдар қарастырылған. Сондықтан желі­лік элеваторлар саналады», – деп мәлімдеді астық қолхаттарының тіркеушісі міндетін атқаратын «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жаңасыл Оспанов.

Жүйеге иек артатын тауар өндірушілер жылына 2 мың 121 мың теңге төлейді. Ал элеватор­лардың иелері үшін абоненттік төлем 36 айлық есептік көрсет­кішті құрайды.

Жаңа жүйенің игілігін сезін­гендер бар. 27 шілдеде алғашқы электрондық астық қолхат­тарын Ақтөбе облысындағы эле­ватор шығарған. Құнды қағазда нарықтық бағасы 80 млн теңгені құрайтын 2 мың тонна мал азығы көрсетілген. Солтүстік өңірде экспортқа жол тартатын 2,5 мың тонна дәнге қолхат шығарылған. Бұл бұған дейінгі жылдарда қалған сары алтынның көлемі.

– Жақын уақытта мобильдік қосымшаға астық қолхаттары­на иелік етуге бағытталған бұй­рықтарға электрондық сандық қолтаңба арқылы қол қою мүм­кіндігі ендіріледі. Оның арқасын­да астық қолхаттарының иелері әлемнің кез келген нүктесінен астық операцияларын жүзеге асыра алады, – дейді ол.

Ауыл шаруашылығы мини­стрлігі және жергілікті атқару­шы билік лицензияланған элева­торлар тарпынан берілген астық қолхаттарының дерек қорын онлайн тәртіпте бақылай алады. Осылайша атқамінерлер астық қабылдау кәсіпорындарының қаншалықты жүктелгендігін сараптай алады.

Венера Мұстафина

15.08.2016 ж. жауап

Также читайте:

Тиімділікке бағытталған тың тетіктер

Зерновая расписка станет электронной

Четыре тысячи фермеров Казахстана получили электронные цифровые подписи

Зерновые расписки в Казахстане переведены в электронный формат

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы