Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Сапсан» жедел тобы құрылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығында ауыл шаруашылығы Вице-министрі Е.Нысанбаевтың қатысуымен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметіне ішкі бақылау жасау жөніндегі жедел топтың жұмысы туралы брифинг өтті.

Жедел топтың негізгі міндеттері орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі қызметіне ішкі бақылау жасау, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың лауазымды тұлғалары тарапынан осы салаларда жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Брифинг барысында Е. Нысанбаев жедел топтың құрамы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовпен құрылғанын әрі бекітілгенін атап өтті.

Жедел топ 12 адамнан тұрады. 4 жоғарғы өткішті автокөлікпен, заманауи байланыспен, серіктік байланысты қоса алғанда, нысанды киіммен және табельдік қарумен жабдықталған.

Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларының тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау және алдын алу; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жасалған құқық бұзушылықтарды, жедел топ ауыл шаруашылығы Министріне растайтын материалдарды қоса тіркеп, ұсынатын болады.

«2017 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін жедел топтың атқарған жұмысының нәтижесі бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 18 факт тіркелді. Анықталған факт бойынша 3 қылмыстық іс және 15 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалды», – деп атап өтті Е. Нысанбаев.

Бұдан бөлек, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің лауазымды тұлғаларына, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне тәртіп жазалар қолданылды.

Осы қабылданып жатқан шаралардың барлығы Министрлік тарапынан табиғатты қорғау заңнамасындағы құқық бұзушылықтардың төмендеуіне бағытталған.

Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы