«Ақ Бидай-Терминалы» АҚ 700 мың тоннадан астам астықты ауыстырып тиеді
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 11 айындағы қызметінің нәтижесі бойынша «Ақ Бидай-Терминалы» АҚ («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы) Ақтау қаласы портындағы астық терминалы арқылы 712,9 мың астықты ауыстырып тиеді.
2017 жылы осы кезеңде 400 мыңға жуық тонна астық ауыстырып тиелген болатын.
Осы жылдағы көрсеткіштердің өсуі дәнді дақылдар экспортының көбеюімен байланысты. Каспий өңіріндегі астық жеткізудің негізгі бағыты Иран Ислам Республикасы.
Сонымен қатар жоғары көрсеткіштерге қолайлы ауа райы климаттық шарттардың (жел мен жауын-шашынның болмауы), Ақтау қаласы теңіз портындағы бос қуаттар (бос айлақтар) мен астық тасушы вагондарды орналастыруға арналған қосымша орындардың болуының арқасында қол жеткізілді.
«Астық қоймалары» астық базалары 300 мың тоннадан астам астық пен майлы дақылдарды қабылдады.
«Астық қоймалары» ЖШС-ның («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы) астық базаларында астық пен майлы дақылдарды қабылдау көлемі 2018 жылдың қаңтар-қараша айында 311,2 мың тоннаны құрады: 304,4 мың тонна астық және 6,8 мың тонна майлы дақылдар.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 400 мың тоннадан астам астық пен майлы дақылдар экспорттады.