А. Мырзахметов Чехия елшісімен кездесті
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Чехия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Элишка Жиговамен кездесті.
АӨК-ті дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Жамбыл облысындағы «Жуалы Алатау» және Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Түлкібас-Бәйтерек» ірі сүт кооперативтері базасында сүт кластерін өңдейтін «Алатау фермасы» пилоттық жобасын дайындау бойынша мәселелер талқыланды.
Чехия елі біздің елімізге жаңазеландтық Fonterra және даттық Arla сүт кооперативтерінің оңтайлы тәжірибесін енгізуді ұсынды.
Бұл Қазақстан үшін сүт өндірісінің арзан бағаға сатып алу мен сүт өндірісін дамытудағы шешуші факторы болып табылады. Және бұл шикізатты өңдеуші мен өндіруші арасындағы келіспеушілік шешімі.
Айта кетейік, «Алатау фермасы» пилоттық жобасын тиімді іске асыру республика бойынша ұқсас жобалар сериясын құруға және 600 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Бұл өз кезегінде 2021 жылға қарай сүт көлемін 600 мың тоннаға дейін жеткізіп, қайта өңдеу жүктемелігін арттырып жетілдіреді.
Анықтама: Чехия Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің арасындағы сыртқы экономикадағы Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі болып табылады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Чехияның 2016 жылдағы тауар айналымы 252 млн. долларды құрады. (экспорт – 66 млн, импорт – 186 млн).
Чехияның машина құрастыру технологиясының дамығанын ескере отырып, Қазақстан үшін инвестиция тартудың маңызы зор.
2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда чехиялық капиталдың үлесімен 186 бірлескен мекеме тіркелген.