•  

    Рубрика: Анонсы |  Просмотры - 164

    «Жасыл» технологиялармен түтін түтетін ауыл

    Жер-жаһандағы 150-ден астам мемлекет органикалық егіншіліктің қыр-сырына қанық. Елімізде де биоөндіріске бет бұрыс бар. Бүгінгі таңда шағын елді мекендер де жа­сыл технологияларды өндіруге ден қойған. Өнімді өсіруде және қайта өңдеуде химиялық заттар мен қоспалардан бас тартқан «Арнасай» ауылының тынысымен таныстық.

    Побег- Тобықтай сөздің түйіні, экожылыжай арқылы нәпақа табуға бел буғандарға қандай кеңес берер едіңіз?

    - Ниет білдіргендер табыл­са, онда биогаз қондырғысын орнатып, жылыжай салыңыз және аквамәдениетті қолға алған ләзім. Себебі балық өсі­рілген су бірегей органикалық тыңайтқыш. Бұл өнімділікті бір­неше есе арттыруға мүмкіндік береді. Оның нәтижесін біздің орталыққа келіп, көзбен көруге болады. Бізге жүгінгендер жасыл технологияларға көшудің жол­дарымен танысады.

    «Арнасай» орталығында бос жатқан аумақ жоқ. Қарапайым жертөле де аквамәдениет­тің ошағына айналған. Жабық жағдайда африкалық жайын көбейтіледі. Оны 900 экзоти­калық балық мекендейді. Әрбір сыйымдылықта 150 жайын бар. Ауа температурасы 24 градусты құрайды. Мамандардың дәйегін­ше, шеттен жеткізілген жайын­дар суыққа төзбейді.

    - Бізге бір айлық балықтар жет­кізілді. Сол кезде әрбіреуінің салмағы 10 грамм, ұзындығы 10 см болған. Бүгінде көрсеткіштер еселенді: тиісінше 230 грамм және 46 см. Жайындарды 2-2,5 келіге дейін өсіріп, оларды жаз­да жабық су айдынына жіберіп көрмекпіз, – деп аквамәдениет­тің ерекшелігіне технолог Алек­сандр Сеич тоқталды.

    Толығырақ «АгроИнфо» газетінің 10.04.2017 ж. № 06 санында оқи аласыз.

    Теплицы Арнасай_03

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      10°
      11°
      Пн
      14°
      Вт
      12°
      Ср
      13°
      Чт
      15°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39