Жетісуда шаруалар қант қызылшасы үшін қанша субсидия алды

Жетісулық шаруаларға қант қызылшасының субсидиясы толық төленді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Иллюстрациялық сурет: ашық дереккөздерден алынды

Өңірдегі Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілген 560 мың тонна қант қызылшасына мемлекеттен 14 млрд теңге субсидия толық көлемде төленді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше қант қызылшасы бойынша субсидиялауға 679 өтінім түскен. Сондай- ақ Ақсу және Көксу қант зауыттары қабылдаған қант қызылшасы үшін шаруа қожалықтарына 8,4 млрд теңге төледі.

– Бүгінгі күні екі зауыт та шаруашылықтарымызбен тиесілі есеп айырысып болды. Қазіргі кезде басым дақылдарға берілетін субсидияны алдық, соның арқасында көктемгі дала жұмыстарына дайындығымыз қызу жүріп жатыр. Жалпы көктемгі егіске қажетті техникаларды жөндеу жұмыстарын осыдан бір ай бұрын бастағанбыз. Қазір егістік алқаптарға керекті тұқымға тапсырыс беріп қойдық. Біз жыл сайын қант қызылшасын кем дегенде 100 гектар жерге себеміз. Биыл да қант қызылшасын, жүгері, майбұршақ сияқты бірқатар дақыл егуді жоспарлап отырмыз. Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағармай алатын қаржымыз да дайын, – дейді Көксу ауданындағы «Кең дала» шаруа қожалығының басшысы Қалибек Алпысбаев.

Айта кетейік Жетісу облысында қант қызылшасының егіс алқаптары 13,7 мың гектар болды. Одан жалпы 635 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділігі гектарына 465 центнерден айналды. Алынған өнімнің 5 мың тоннасы мал азығына бағытталса, 630 мың тоннасы зауыттарға өткізілді, оның 560 мың тоннасы таза салмақ.

Еске салайық осыған дейін Көксу қант зауытына кезектің 1 шақырымнан асып кеткенін және Жетісулық шаруалардың аязда қант қызылшасына кезекте тұруға мәжбүр болғанын жазғанбыз.

Дерек көзі: Kazinform

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы