Жетісуда құны 29 млн доллар тұратын ет өңдеу зауыты салынады
Қазақстанда бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 3,6 млрд доллар болатын шетелдік инвесторлардың қатысуымен 38 жоба іске асырылуда және пысықталу сатысында тұр. Оның ішінде ет өндіру және өңдеу бойынша мал шаруашылығы саласындағы бірқатар жобаларды іске асыру пысықталуда. Бұл туралы ElDala.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
“Мал шаруашылығы саласында ШҚО-да құны 12 млн доллар болатын Cedar Meats компаниясымен бірлесіп ет өңдеу зауытының құрылысы, Baumann компаниясының неміс капитал салымдарының қатысуымен Жетісу облысында ет өңдеу зауытының құрылысы сияқты жобалар пысықталуда, жобаның құны – 29 млн”, – деп хабарлады АШМ.
Бұдан басқа, Қарағанды облысында құны 53 млн доллар болатын шалғайдағы қой шаруашылығын дамыту жөніндегі мегаферма пайда болады, Алматы облысында инновациялық, экспортқа бағдарланған мал шаруашылығы кешенін құру жоспарлануда.
Соңғы деректер бойынша 2022 жылы 1,06 млн тонна ет өндірілді, көлемі өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 0,4%-ға өсті. Жылқы етінің өндірісі ең үлкен өсімді көрсетті – 4,3%, сонымен қатар құс еті 3,1%.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі ет өнімдерін жеткізу проблемаларына байланысты қазақстандық нарықтан McDonald’s кетуімен байланысты жағдайға түсініктеме берді.
“McDonald’s мейрамханалар желісі компанияның ірі тарату орталықтары орналасқан ресейлік ет өнімдері мен жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етілген. Бірақ McDonald’s Ресейден кетуіне байланысты шикізатты жеткізу мәселесі туындады. McDonald’s өкілдері келешекте қазақстандық өнімге көшуге дайын болды. Алайда, отандық өндірушілердің компанияның жоғары стандарттарын енгізуі белгілі бір уақытты алды. McDonald’s өкілдерінің өтініші бойынша жергілікті шикізатқа көшкенге дейін ауыл шаруашылығы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар ел аумағындағы мейрамханалар желісінің жабылуына жол бермеу үшін үшінші елдерден өнім жеткізу рәсімдерін жеделдетуге және жеңілдетуге жәрдемдесуге дайын болды және қазір де дайын”, – деп хабарлады ведомстводан.
Осы уақытта қазақстандық ет және сүт өнімдерін өндірушілер өндірісті McDonald’s талаптарына сәйкес келтіру бойынша жұмысты бастады және 2023 жылдың басында кәсіпорындардың аудиті бойынша жұмыстар жоспарланды. Алайда, McDonald’s жабылуына байланысты жоспарланған аудит болған жоқ.
“Айта кету керек, McDonald’s үшін шикізат немесе жартылай фабрикаттар жеткізушісі болу үшін сертификаттаудан өту керек, бұл бүкіл өндіріс тізбегіне қатаң және қымбат талаптарды білдіреді: мал азығынан қаптамаға дейін. Бұл ретте компанияның қандай да бір өнім берушіні таңдайтынына кепілдік жоқ”, – деп толықтырды АШМ.