Жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар: Қант саласында қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады

Биыл жергілікті бюджеттерде қант қызылшасын қайта өңдеуге тапсыруды субсидиялауға 14,1 млрд теңге, оның ішінде Жамбыл облысының фермерлері үшін – 8,1 млрд теңге, Жетісу облысында – 6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржыландыру көлемі 491 мың тонна шикізатты субсидиялауға мүмкіндік береді. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Айта кетейік, биылғы жылы Ұлттық статистика бюросының ресми деректері бойынша қант қызылшасының егістік алқабы 19,7 мың га, өткен жылы егіс алқабы 11,6 мың га құраған.

Қант қызылшасын өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арзандатылған кредиттер беріледі, негізгі және айналым қаражатын толықтыруға, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеңілдікті қарыздар беріледі.

Сонымен қатар, фермерлерге тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, су беру қызметтерін, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестициялық субсидиялар, сондай-ақ өңдеуге тапсырылған қант қызылшасына субсидиялар беріледі.

Қазіргі уақытта инвестициялық субсидиялау қағидаларына қызылша жинайтын комбайндарды, сепкіштер мен ботворездерді сатып алуға арналған субсидиялар нормативін 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілуде, сондай-ақ оларға бағалар өзектендірілді.

Сондай-ақ, қант қызылшасы өндірісінің рентабельділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылы субсидиялар нормативі тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қант қызылшасының егістік алқаптарын 38 мың гектарға дейін кеңейтуді, қант қызылшасын өндіруді 1800 мың тоннаға дейін ұлғайтуды және отандық шикізаттан қант өндіруді жыл сайын 250 мың тоннаға дейін жеткізуді көздейтін 2022-2026 жылдарға арналған қант саласын дамытудың Кешенді жоспары әзірленгенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, суару желілерін дамыту, зауыттарды жаңғырту, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қант зауыттарына қолдау шаралары көрсетіледі. Мәселен, қант зауыттарын кеңейту мен жаңғыртуға жоба сомасының 25% мөлшерінде инвестициялық субсидиялар көзделген, қант өндірушілерге 350 мың тонна қамыс шикізатын бажсыз әкелуге квоталар берілді, шикізат импортына ҚҚС-тан босату түрінде салық жеңілдіктері, сондай-ақ Салық кодексінің 411-бабы бойынша ҚҚС-ты 70%-ға төмендету қарастырылған. Бұдан басқа, шикізатты сатып алуға айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін қант зауыттарына жылдық 0,1% сыйақы мөлшерлемесімен «айналым схемасы» бойынша жеңілдікті кредиттер берілді.

Көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларына қарамастан, арзан ресейлік қанттың импортының артуы қант зауыттарына өндірілген өнімді әділ бағамен сатуға мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде қант қызылшасының сатып алу бағасын көтеруге мүмкіндік бермейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі уақытта Үкімет қантқа ең төменгі көтерме бағаларды енгізу, бұрын бөлінген кредиттерді ұзарту, сондай-ақ қызылша шикізатын сатып алуды жеңілдікпен қаржыландыруға қосымша қаражат бөлу түрінде қант саласын қолдаудың қосымша шараларын қарастыруда.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы