Жаңаөзенде күн сайын 300 бас ұсақ мал етін өңдейтін комбинат ашылды

Жаңаөзендегі жаңа ет комбинатында күн сайын 300 бас ұсақ мал мен 60-қа жуық ірі қара өңделеді. Қала тұрғындарына ұсынылатын экологиялық таза ет Қостанай, Ақтөбе, Атырау облысынан әкелінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: pixabay.com

Нысан соңғы технологиялармен жабдықталған. Комбинатта 147 жұмысшы қызмет атқарады.

«Ет комбинатында бірнеше цех бар. Олар: мал сою және ет сақтау цехтары. Сондай-ақ жартылай дайын өнім әзірлейтін цех бар. Біз күнделікті 500 тонна жартылай дайын өнімдермен бұқтырылған ет өнімдерін шығарамыз. Ал айына 12 мың тонна ет өнімін таратамыз», – дейді компанияның негізін қалаушы Темір Лесов.

Комбинатқа ет еліміздегі ең жоғары деңгейлі, ауқымды бордақылау алаңдары орналасқан Қостанай, Ақтөбе, Атырау облысынан және жергілікті, өзге де аймақтағы шаруа қожалықтарынан жеткізіледі. Мамандар еттен жартылай дайын өнімдер әзірлейді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы