Жаңа платформа арқылы Қытайға 24 мың тонна зығыр экспортталады

Қазақстан мен Қытай астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауға арналған бірлескен цифрлық платформаны іске қосты. Жаңа платформа экспорттаушылар мен сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатуға ықпал етеді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: сгенерировано ИИ

Қазірдің өзінде 24 мың тонна зығыр жеткізу туралы келісімшарт жасалып, платформаның алғашқы нәтижесі айқын көрінді.

Платформа Қазақстан делегациясының Қытайда өткен 8-ші Қытай астық саудасы конференциясына қатысуы аясында іске қосылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова қатысты.

Бірлескен платформа Қытай елінің 50 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорнын біріктіретін Астық саудасының ұлттық интернет-платформасы негізінде құрылды. Оның жұмысын аталған мемлекеттің Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасына (NAFRA) қарасты Астық саудасын үйлестіру орталығы қамтамасыз етеді.

Жаңа цифрлық платформа екі ел компанияларына сауда-саттықты интернет арқылы жүргізуге, әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатуға және делдалдардың қатысуынсыз мәмілелер жасауға жол ашады. Сауда-саттық бәсекелестік негізде де, тікелей келіссөздер арқылы да жүргізіледі. Платформада ашық аукциондар, шақыру бойынша сауда-саттық, өзара келісім негізіндегі және алдын ала белгіленген бағамен жасалатын келісімдер қарастырылған.

Олардың сенімділігі мен ашықтығын арттыру үшін кепілдік қамтамасыз ету, интернет арқылы есеп айырысу, тәуелсіз тексеру және дауларды шешу тетіктері қарастырылған. Бұл экспорттық келісімдерді, соның ішінде бағаны айқындау үдерісін жеделдетіп, оны барынша тұрақты әрі болжамды етуге мүмкіндік береді.

– Бүгінде сауда алаңында Қазақстанның 35 компаниясы тіркелген. Қазірдің өзінде 24 мың тонна майлы зығырды экспорттауға қатысты мәмілелер жасалды. Бұл қытайлық серіктестердің қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. Алғашқы кезеңде платформа арқылы дәнді және майлы дақылдар, сондай-ақ өсімдік майы мен май-тоңмай өнеркәсібінің өнімдері саудаланады.

Алдағы уақытта Қытай нарығындағы сұранысты ескере отырып, тауарлар тізбесі кеңейтілуі мүмкін. Платформаны табысты пайдалану өткізу нарықтарын кеңейтіп, отандық өнім жеткізу көлемін арттыра отырып, елдеріміз арасындағы аграрлық ынтымақтастықты нығайтатынына сенімдімін, — деді Назгүл Хатепова.

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігін арттыру, экспорттық әлеуетті күшейту және аграрлық саудаға заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырады. 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы