Жамбыл облысының шаруалары егістік алқабына дронмен тыңайтқыш сеуіп жүр

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Күреңбел ауылының тұрғыны Сәулембек Көмекбаев егістік алқабына дронмен тыңайтқыш сеуіп жүр. Ауылшаруашылық мақсатында қолданылатын құрылғы Қытайда құрастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мұндай техника Жамбыл облысында алғаш рет қолданылып отыр. Жаңа технология алдағы уақытта өз нәтижесін беріп жатса, облыс көлемінде енгізіледі.

«Дронмен тыңайтқыш себу әдісін Жуалы ауданындағы шаруашылық пайдаланып отыр. Қытайда жасалған озық технологияның нарықтағы бағасы – 8-14 млн теңге аралығында. Бір сағатта дронмен 20 гектар жерге тыңайтқыш шашуға болады. Оны арнайы мамандар келіп үйретеді. Тиімділігіне көз жеткізсек, облыс бойынша қолданысқа енгізуге дайынбыз», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков.

Айта кетейік, Жамбыл облысының шаруалары биыл 770,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызды.

Өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға ұлғайған егіс алқабының 216,3 мың гектарына жаздық масақты дәнді дақыл, 72,1 мың гектарына майлы дақыл, 44,8 мың гектарына көкөніс, 18,8 мың гектарына дәндік жүгері екті.

Ал бақша дақылдары 16,9 мың, картоп 11,8 мың, қант қызылшасы 10,8 мың, бір жылдық шөп 27,9 мың және көпжылдық шөп 30,8 мың гектарға себілді.

Бұған дейін Жамбыл облысында төрт түлікті асылдандыру жұмыстары басталатынын хабарлаған болатынбыз.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы