Түркістан жылыжайында банан екінші рет жеміс берді

Сайрамдық шаруалар бананнан екінші рет өнім алып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Ислам Алиев / Kazinform

«Gen group Kazakstan» ЖШС басқарушы директоры Ислам Алиевтың айтуынша, алдағы ақпан айында өнім толық жиналып, сатылымға шығарылады.

— Жалпы банан ыстық ауа райында өсетін жеміс. Негізінен Африка мен Түркия елдерінде көп болады. Соның көшетін жерсіңдірмек болып, біршама жұмыс атқардық. Алдымен лабораторияда жеміс ағашын отырғызатын топырақтың құнарлылығын тексерттік. Содан 5 гектар жерге 400 камаздан астам көң түсірдік. Жылыжай салдық. Жерді дайындап болған соң, Түркиядан банан көшеттерін алып келіп отырғыздық, — дейді Ислам Алиев.

Бүгінде жылыжай да Түркиядан келген агроном қызмет атқарады. Банан ағашын күтіп баптау жұмыстары сол сала маманына жүктелген. Одан бөлек, тағы 15 адам тұрақты жұмыс істейді. Ал, тауардың негізгі тұтынушылары Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары. Сондай-ақ, өңірлерден де келіп алып кетушілер көп.

— Бір келі бананды 600-700 теңге аралығында сатамыз. Бір түп банан ағашы 50 келіге дейін өнім береді. Қазір жылыжай аумағында 9000 түп көшет бар. Өткен жылы 385 тонна өнім алған болатынбыз. Биыл өнім көлемі одан көп болады деп жоспарлап отырмыз, — дейді Ислам Алиев.

Жылыжай газбен жылытылады. Сондай-ақ, тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Яғни, мұндағы қызметтің барлығы автоматтандырылған. 

— Жалпы жылыжай түркиялық технологиялар негізінде салынған. Бананның Ана-Муз сортын өсіріп жатырмыз. Тропикалық жеміс ағашының Сайрам топырағына жерсінуі үшін қажетті тыңайтқыштар қолданамыз. Банан бұтағы 10-15 жылға дейін өнім беруге қауқарлы. Сондай-ақ қазір бананнан бөлек, лимон, құрма тәрізді тропикалық жемістерді де жерсіндіріп жатырмыз. Алдағы уақытта да жеміс түрін көбейте береміз», — дейді Ислам Алиев.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы