Теріскейде ет экспорты тұралап тұр

Көрші мемлекеттің төл валютасы құнсызданып, елімізге бағасы арзан өнімдер ағылды. Бәсекелестікке төтеп беру үшін өткен жылы солтүстік қазақстандық сүт өндірушілер мемлекеттік қолдаудың шапағатына бөленген. Биыл да демеуқаржыландыру көзделіп отыр. Бұл жақында қағазда айқындалған шаруаның іс жүзінде жүзеге асыры­луын тергіштеген СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Абдуллаев арнайы сұхбат барысында мәлімдеді. Атқамінер теріскейдегі мал шаруашылығының ахуалын және саланың тынысын кеңейтетін бастамаларды жіпке тізді.

– Алтынбек Тағайбекұлы, астықты өлкеде ата кәсіпке қан жүгіртуге де мүмкіндік мол. Шөбі құнарлы әрі шүйгін өрістері кең. Бүгінде мал шаруашылығын әлеуеті қаншалықты кәдеге жаратылуда?

– Жыл санап өңірімізде мал шаруашылығы қанатын кеңге жаюда. Облысымыздың халқына шақсақ сүт өнімдері 4,5 есе, жұмыртқа 10, ет өнімдері 2,5 есе артық өндіріледі. Айқындалған меже­лер бағындырылмақ. Тек оның ішінде аяққа тұсау салатыны – етті экспорттау бағыты. Оның өзі оңайға соқпайды.

Өткен жылы облысымыздағы кәсіпорындардың бірі Ресейге 600 тоннаға жуық ет тасымал­дады. Ал жалпы 2014 жылғы экспорттың көлемін бағамдасақ, солтүстікқазақстандық еттің 919 мың тоннасы шека­ра асты. Соңғы мәрте оны қазан – қараша айларында сыртқа өткіздік. Содан бері ет экспорты тоқтап қалды. Себебі көршілес мемлекеттің ұлттық валютасы құлдырады. Кесірінен олар бізге еттің келісін бүгінде 500-550 теңгеге сатуға әзір. Ал өңірімізде 1-ші санаттағы еттің құны 800-840, 2-ші санаттағы 700-720 теңге тұрады. Баға айырмашылығына сәйкес оны шетке дорбалаудың мәні жоқ. Енді аймақтағы өндірушілер өнімдерін еліміздің төңірегінде өткізуде. Жергілікті шикізатқ а ет комбинатта­ры да қолқа салып отыр. Бұл бағыт та ма л бордақ ылау алаңдарының әлеуетін артты­ру көзделген. Олар негізінен ш аруа қожалықтарында құрылған. Әзірге саны 10-нан асып жығылады. Тек аталған алаңдар етті ішкі нарықта сау­далаумен шектеледі, экспортқа шығара алмайды. Ол үшін мал бордақылау алаңында кемінде 3 мың бас ірі қара бо­луы тиіс. Қызыл етті сыртқа жөнелтудің талап үдесінен шығатын алғашқы алаң биылғы қыркүйек айында Тайынша ау­данында «Вишневское» ЖШС ашылмақ.

Серік тестікпен келісім мақұлданды. Үкімет та­рапынан да қолдау көрсетілмек. Келешекте 3 мыңға шақталған мал бордақылау алаңын 5 мың басқа дейін жеткізу межеленген. Ал бүгінде экспортталатын ірі қараны Ақмола облысындағы мал бордақылау алаңдарына тапсыруға мәжбүрміз.

Ірі қара тірідей 400-430 теңгеге сатып алынады. Ет түрінде есептесек, біркелі ет 800-860 теңгеге шығады. Бүгінде аймақ бойынша 100-ден астам ірі қара бордақылауға тапсырылды. Оның ішінде Мамлют, Тимирязев, Ақжар ау­дандары көш бастап келеді. Өзгелері де қ ам-қ арекетке кіріскен. Олар қарапайым халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде . Агроқұрылымдармен қ атар жеке қосалқы шаруашылықтар да өз түліктерін өткізе алады. Тек ветеринарлық талаптардан сүрінбей өту қажет. Саннан гөрі сапаға ден қойылғандықтан, әуелі ірі қараның сау екеніне көз жеткізіледі. Салмағы 160 келіге жетпесе, оны кері жетек­теп әкетуге тура келеді. Себебі бордақылау алаңдары оны 2-3 ай бағып, экспортқа жөнелтеді.

Мал бордақылау алаңдары арқылы экспортқа қан жүгіртуге талпынсақ – ұтарымыз мол. Делдалдарға да алақан жай­ылмайды. Жүйелі жұмыс қалыптаспақ.

– Ірі қараның дені жеке қосалқы шаруашылықтарда екені мәшһүр. Ет өндірісіне қан жүгірту үшін бұқара арасында бордақылау алаңдарының тірлігі бойын­ша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

2010 жылы агроқұрылымдардағы мал басы баржоғы 18,7 пайызды құраса, енді 52% жетті. Бағындырылған көрсеткіш елеулі. Келешекте оны 70 пайызға жеткізуді мақсұт тұттық. Осы күнге дейін шетелден жеткізілген 10 мыңнан астам асыл тұқымды мал жерсіндірілді. Нәтижесінде жаң а ж ұмыс орынд арын ұсын ған 18 шаруашылық құрылды. Десек те оған тоқ мейілсімей, қарқынды бәсеңдетпеу керек. Бұл бағытта жеке қосалқы шаруашылықтар тасада қалмақ емес. Қазір олардың қолдарындағы мал көбіне-көп оңтүстіктен жеміс-жидек, көкөніс керуенін жеткізетін көліктерде кетеді. Ал бордақылау алаңдарына тап­сырса, қосымша мемлекеттік қолдаудың игілігін сезінеді. Мәселен, салмағы 300 келі мал бордақылау алаңына тап­сырылса, иесі 120 мың теңгеге қарық болады. Оның үстіне ветеринарлық анықтама ға сәйкес 24 мың теңге көлемінде демеуқ аржы беріледі. Бұл елеулі көмек.

Алайда әлі де бордақылау алаңдары жайлы бейхабар тұрғындардың қатары қалың. Насихаттау жұмыстарын ауылдық жерлерде жүргізуді қолға алдық. Олардың ме­кенжайлары көрсетілген парақшалар бұқара арасын­да таратылуда. Бұл бағытта жауап кершіліліктің жүгі аудандық мамандарға артылып отыр. Ветеринарлық қызметпен қоян-қолтық байланыс орна­ту міндет. Олар малдың қанын алып, оны ауруларға тексеріп, анықтаманы дер кезінде беруі тиіс.

– Егер етті экспорт­тау мүмкіндігі бүгінде тарылса, неліктен ет комбинаттарының қауқарын кәдеге жаратпасқа?! Олар әлі де толық қуаттылықта жұмыс істемейді.

– Сөзіңіздің жаны бар. Бұл да қолбайлаушы мәселелердің бірі. Шалғайдағы ауылдар­дан мал сатып алудың өзі бір ғанибет. Бар гәп жол мәселесіне тіреледі. Оның шығыны қайта өңделген өнімдердің нарықтық бағасына әсер ететіні мәшһүр.

Қазір облысымыздың дүкендерінде ресейлік өнімдер самсап тұр. Оның сапасына келгенде жауапсыз сауалдар туындайды. Мәселен, ресейлік сары майдың келісі 450-800 теңгеге сатылса, ал біздің ат­тас өнімнің құны 900-1200 теңгеге аралығында құбылады. Бағаның 900 теңгеден арзан бо­луы ақылға сыймайды. Себебі 1 келі сары майды алу үшін 21- 22 литр сүт қажет. Ақтың әрбір литрін 50 теңгеден есептесек, онда оның өзіне 1000 теңге шығындалады.

2013 жылы көрші мемлекеттің нарығына «Молпродукт» ЖШС 700 тоннадан астам сүт өнімдері жол тартқ ан. 2014 жылы көрсеткіш екі есе құлдилады. Биыл серіктестік баға айырмашылығының кесірінен өткізудің бір нарығынан құр алақан қалды.

Бірақ өзіміздің отандық өнімдер одан еш кем емес. «Молсоюз», «Молсервис», « Зенченко» іспетті сүт өндірушілердің тауарлары тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие. «Қ азетөнім» ЖШС өздері шығаратын тауар­лар саудалайтын дүкен ашты. Оның арқасында баға да қалта қақпайды. Өңірімізге сырттан тасымалданатын аттас өніммен с а лыс тыр ғанда құны сәл қымбат. Бірақ халық отандық тауардың сапа лы екеніне көз жеткізген. Бар гәп өнім бағасының арзандығына емес, оның құрамына тіреледі. Оның табиғи не жасанды қоспалар қосылғанына баса мән беру керек. Меніңше, сатушылар жағынан да олқылықтар орын алуда.

– Көрші мемлекеттегі валютаның кешкен күйі жергілікті тауар өндірушілерге де ықпал ет­пей қоймады. Кей тауар өндірушілер өнімді өткізуде тығырыққа тірелгенін алға тартты. Теріскейліктердің шаруасы шатқаяқтамау үшін мемлекеттік қолдаудың қандай тетіктеріне иек артылған?

– Бұл бағытта үкімет тарапы­нан алдын ала қам-қарекет жа­салды. Біріншіден, 2014 жылы сүтті өңдеуге ел қазынасынан 643 млн.теңге демеуқ аржы бөлінді. Сары майды, құрғақ сүтті, қатты ірімшікті өндіретін 7 шаруашылық қолдаудың шапағатын сезінді. Оның арқасындақ айта өңдеу өнеркәсібі тұраламай, тұрақты түрде өнімдерін нарық қаұсынды. Қаржылық қолдау биыл да көрсетілмек. Оның берекесін 9 шаруашылық татпақ. Оларға 180 миллион теңге шамасында демеуқаржы үлестіріледі деп жоспарланған.

Екіншіден, шаруашылықта 300 мың бас аналық болса, оған 100 мың теңге демеуқаржы бөлуді көздеп отырмыз. Біздің бұл бас тамамызды Ауыл шаруашылығы минис трлігі құпта ды. Облыс әкімінің қаулысы қабылданып, құжат әділет органына жол тартты. Сәті түссе, бұл бағытқа 2 млрд. теңге қаражат қарастырылмақ.

– Сүт өнімдерін еліміздің нарығына ұсынатын кешендердің бірқатары Солтүстік өлкеде жайғасқан. Олардың өнімдері сұранысқа ие. Өндіріс құлашын кеңге жаю үшін ауылдық жерлер­ден де сүт жинауды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Облыста бұл мәселе қалай шешілуде?

– Аймақта сүтті өңдеумен ай­налысатын 19 шаруашылықтың 13-і жұмыс істейді. Өзгелері 10 жылдай бұрын тоқтап, тақырға отырған. Сондықтан қолда бар әлеуетті бағамдаған ләзім . Шаруашылықтар өндіретін сүттің, нарыққа ұсынатын сары майдың, қатты ірімшіктің мөлшерін анықтау үшін қажетті ақпарды жинауға кірістік. Меніңше, биылғы көрсеткіш өткен жылғыдан кем болмайды. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мәліметтерге сүйенсек, өңіріміздегі сүт өңдейтін меке­мелер өздерінің әлеуеттерін әлі де толық кәдеге жарата алмай отыр.

Елді мекен тұрғындары өңдеу орындарына сүт тапсырып, шайлығын айырып отыр. Ақты сатып алушының белсенділігі арқасында Меңгесер деп ата­латын ауылға 36 млн.теңге көлемінде кіріс кірген. Қыл аяғы жергілікті тұрғындар сиырдың санын көбейтуге бел буған. Бұл көңілге қуаныш ұялатады. Тек барлық ауылдық жерлерді қамти алмайтынымыз қынжылтады. Шалғайдағы елді мекендерден сүтті жинап, оны тасымалдау қиынға соғады. 600 шақырымды бағындырғанша, ақ бүлініп кетеді.

– Тындырылған шаруа­лар бір төбе, көзделген мақсат-мұраттар да аз емес. Игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Венера МҰСТАФИНА

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    От чего в наибольшей степени зависит размер урожая?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы