«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС Петропавлда CLAAS және HORSCH ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін кеңейтуде

«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС бірлескен кәсіпорны Петропавлда CLAAS және HORSCH брендтерінің ауыл шаруашылығы  техникасының өндірісін дамытуда. 2024 жылы кәсіпорын жылына 500 машинаға дейін CLAAS тракторларының ірі түйінді құрастыру желісін іске қосты, сонымен қатар CERIO, VARIO және CONVIO модельдерінің CLAAS дестелегіштерін сериялық шығарылымын бастады, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

CLAAS жоғары стандарттарына сәйкес келетін көп деңгейлі бақылауды енгізудің арқасында өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Кәсіпорында әрбір техника барлық жүйелердің құрастыру сапасы мен жұмыс істеуін кезең-кезеңімен тексеруден өтетін сынақ камерасы құрылды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

«СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС жергілікті жеткізушілермен белсенді жұмыс істейді, бұл Қазақстанда толыққанды өндірістік кешен құруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындармен CLAAS тракторлары мен дестелегіштерге арналған жиынтықтауыштарды жеткізуге шарттар жасалды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Өндірісті дамыту бойынша бірлесе атқарған жұмыс  қазақстандық аграршыларды заманауи, тиімді және сенімді ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы