Солтүстікте ет өңдеу кәсіпорындарының жартысы жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында ет өңдеу кәсіпорындарының жартысы банкротқа ұшырап, жабылып қалды. Себебі қазір өңірдегі бөлшек саудада көрші Ресей елінен әкелінген арзан өнім қаптап кеткен. Салдарынан отандық тауарға сұраныс төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында ет өңдеу саласы тұралап қалуы мүмкін. Бүгіннің өзінде өңірдегі кәсіпорындар жаппай жұмысын тоқтатуда. Ал ірі сауда орындарында қазір сапалы емес, көбіне көрші Ресей елінен әкелінген арзан өнімдер сатылып жатыр.

Серік Илиясов, ет өңдеу кешенінің директоры:

– Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда бөлшек сауда желілері ақшаны бізден көп табады. Жеңілдік сұрайды. Тауарымыздың бағасын түсірмесек, олар сөрелерге шығарылмайды. Қазір  кәсіпорында 150-ден астам ет өнімі дайындалады. Ал оның тек 3-4 түрі ғана супермаркеттерде саудалануда. Ал қалғандарын біз өзіміздің дүкендерімізде сатуға мәжбүрміз.

Расында қазір нарық импорттық тауарға толды. Отандық өнімнің бағасын арзандату да мүмкін болмай тұр. Себебі ет өнімдеріне қажетті қамтамалар көрші Ресейде жасалады. Ал рубльдің тұрақсыздығы, кәсіпкерлердің қалтасын қағып отырғаны анық.  

Светлана Меденникова, кәсіпкер:

– Қазір супермаркеттермен әріптестік жоқ. Олар керісінші Ресей кәсіпкерлерімен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Салдарынан арзан өнімдер көбейді. Ал біз болсақ, өз өнімдерімізді Ресейге де шығара алмай жатырмыз. 

Бүгінгі күні өңірдегі 15 кәсіпорнның тек жартысы ғана жұмысын жалғастырып жатыр. Оның өзінде олар өндіріс көлемін азайтқан. 

Марат Ысқақов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Расында бұл мәселе кәсіпкерлерді алаңдатып отыр. Біз нарықты зерттеп, зерделедік. Енді бұл сұрақпен орталық аппаратқа шығуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін тиісті құжаттардың барлығын жинадық. Бұл сұрақты республикалық деңгейде қарастыру қажет. 

Осылайша кәсіпкерлер мемлекет тарапынан барынша қолдау болса дейді. Өйткені жағдай реттелмесе, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру қиынға соғуы ықтимал.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы