Солтүстікте агроөнеркәсіп саласында 19 инвестжоба жүзеге асады

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп саласын дамытудың жол картасы аясында 19 инвестициялық жоба іске қосылады, деп хабарлайды “24KZ“.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Өңірде заманауи тауарлы – сүт фермалары, құс фабрикалары мен көкөніс қоймалары ашылады. «Бұл ең алдымен ауыл шаруашылығын әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.

Бұл Петропавлдағы комбайн зауыты. Биыл кәсіпорында 500-ден аса түрлі ауыл шаруашылығы техникасы құрастырылады. Оның ішінде астық жинау кешендерімен қатар трактор, егін себу машиналары да бар. Жоба құны – 3 млрд теңге.

Сергей Жолик, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру кәсіпорнының бас директоры:

– Мемлекеттің қолдауы өте зор. Зауыт арнайы экономикалық аймақта орналасқан. Біз кеден және қосалқы құн салығынан босатылғанбыз. Бұл өз кезегінде құрастырылған техниканың бағасын едәуір арзандатуға мүмкіндік беріп отыр. 

Солтүстік Қазақстан облысында қайта өңдеу саласы да тың серпін алды. Мысалы, қазір аймақта 33 жуық ұн тарту кәсіпорны жұмыс істейді. Былтыр олар 300 мың тонна дайын өнім шығарды. 

Таисия Колегова, кәсіпорынның коммерциялық директоры:

– Біз бидайды қайта өңдеп, жоғары сапалы ұн өндіреміз. Шикізат Солтүстік Қазақстан облысынан жиналады. Қазір кәсіпорында айына 9 мың тонна өнім шығарылады. Ол Отандық нарықтың бір бөлігін қамтып, Орта Азия елдеріне экспортталады. 

Өңірде агроөнеркәсіп саласын дамытудың жол картасы қабылданған. Оның аясында 2026 жылға дейін 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Инвестиция құны 77 млрд теңге. 

Мейрам Меңдібаев, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– 2024 жылы агроөнеркәсіп жол картасы шеңберінде 6 бағытты 19 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жалпы инвестиция көлемі 33 млрд теңгені құрайды. Және 600 жұмыс орыны ашылады.

Соңғы жылдары аграрлы аймақта сүт өндірісі өрге басып келеді. Қазір облыс бойынша 100 сүт – тауарлы ферма жұмыс істейді. Бұл мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы