СҚО-да биыл ауыл шаруашылығының пилоттық санағы қайда өтетіні белгілі болды

Келесі жылы елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта дайындық жұмысы басталып кетті. Ұсынылған әдіснаманы сынақтан өткізу мақсатында биыл тамызда пилоттық санақ жүргізілмек, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы өтіп, жиында ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері қаралды.

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің жетекшісі Жорабек Дауреновтың айтуынша, өңірде санақты өткізіп, дайындауға қатысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу жөніндегі өңірлік комиссия құрылды, сондай-ақ науқанды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған ұқсас комиссиялар облыстың барлық 13 ауданында және Петропавл қаласында бар.

«Санақтан ауыл шаруашылығына қатысы барлардың бәрі өтеді, олар: ауыл шаруашылығы өндірісімен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен және сақтаумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, ауылдық және қалалық жерлерде жері, малы және құсы бар тұрғындар, саяжай учаскелерінде тұратындар. Кәсіпкерлер мен шаруашылықтар санақтан оnline өтсе, саны – 7 мыңға жуық, қалғандарында оnline да, интервьюерлерді тарта отырып та жүргізілмек. Олар – 117 мың тұрғын үй және 25 мыңға жуық саяжай учаскесі», – дейді Жорабек Дауренов.

Биыл жүйені сынақтан өткізу мақсатында тамызда пилоттық санақ өтеді. Оған республиканың барлық өңірлері, 2 ауданда бір елді мекеннен және облыс орталығы қатысады. СҚО-да Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылы, Айыртау ауданының Сырымбет ауылы және Петропавл қаласы қатыспақ.

«Петропавлдағы саяжайлар мен жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша санақ нысандарының тізбесін нақтылау үшін 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін интервьюерлерді тарта отырып, алдын ала аралау көзделген. Бұл санақтың 2006 жылғы ауыл шаруашылығы санағынан айырмашылығы – 2025 жылғы санақты 1 кезеңде – мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы бірге өткізу жоспарланған.

Санақ екі әдіспен жүргізіледі: 1-31 тамыз аралығында арнайы Webқосымшаны оnline режимінде шаруашылықтардың барлық санаттары пайдалана алады және сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. Телефон нөмірін енгізгеннен кейін респондент көрсетілген ұялы телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама алады. Заңды тұлғалар мен шаруа немесе фермер қожалықтары санақтан 100% өздері дербес өтуі тиіс, шаруашылықтардың осы санаттары үшін интервьюерлер көзделмеген.
Ал 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін жеке қосалқы шаруашылықтар мен саяжай учаскелерін интервьюерлер аралап, сұхбаттасу арқылы сауалнама жүргізеді», – дейді департамент басшысы.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысты бірнеше міндетті жүзеге асыру керек, олардың ішінде – елді мекендердің актуалды картасын дайындау, түсіндіру жұмысын жүргізу, мал басы, алқаптар бойынша мәліметтер базасын ретке келтіру және интервьюерлерді әзірлеу сияқты жұмыстар бар.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы