СҚО-да 13 ауыл арақтан бас тартты

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір елді мекен арақ-шараптан бас тартты, деп хабарлайды 24KZ. Бұл жолы Сулышоқ ауылының тұрғындары бірауыздан осындай шешім қабылдады. Оған ақсақалдар алқасы ұйытқы болған.

Фото: «24KZ»

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Бұл – Қазақстан мен Ресей шекарасындағы ат төбеліндей ғана Сулышоқ ауылы. Мұнда 50-ге жуық үй түтін түтетіп отыр. Қаймағы бұзылмаған ел үлкендердің өсиетін қашанда құп алған. Бұл жолы олар арақтан бас тартты.

Тоқтамыс Жанбүтенов, Сулышоқ ауылының тұрғыны:

– Арақ-шарап сатпайтын ауыл болайық деп, байсалды ауыл болайық деп және де тойларда арақ-шарап болмасын деп, жастарға ертең үлгі болсын деп осындай шешім қабылдадық. Игі бастамалар біздің алдымызда облыс бойынша жүріп жатыр ғой. Соларды біз қолдап, қариялар бәріміз ақылдасып, байсалды ауыл болайық дедік.

Сулышоқ ауылында арақ-шарап сатылмайды. Той-жиындар да ішімдіксіз өтеді. «Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді», – дейді тұрғындар. Елді мекенде соңғы жылдары ұрлық-қарлық секілді қылмыстар тыйылған.

Сарагүл Бейсенбаева, Өспен ауылдық округінің әкімі:

– Жастарымыз қазір алкогольдік ішімдіктерді қолданбайды. Және олар көбінесе өзінің қазіргі қазақи тұрғыда, өзі қазақы ауылда тұрғандықтан, өздерінің қазақылықтарын жоғары деңгейде сақтайды. Біздің округтің өзі учаскелік полиция бөлімімен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз.

Бұл үрдіс басқа да ауылдарға үлгі болады. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 13 елді мекеннің тұрғындары арақ-шараптан түбегейлі бас тартқан. 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы