Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылы 630 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

Өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық қарқынды жүргізілуде. Егіс алқаптарын әртараптандыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы дақылдары 629,9 мың гектар жерге егілмек. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: inkaraganda.kz

Егіс алқаптарының құрылымы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саланың табыстылығын арттыру міндеттерін ескере отырып қалыптастырылған. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 254,2 мың гектарды құрайды, бұл жалпы алқаптың 40 пайызы. Оның ішінде 170,7 мың гектар жерге бидай егіледі.

Майлы дақылдар 232,3 мың гектарды қамтиды, оның ішінде 213,1 мың гектары күнбағысқа тиесілі. Мал азықтық дақылдар 132 мың гектар. Картопқа 7,3 мың гектар, ал көкөніс пен бақша дақылдарына 4,1 мың гектар бөлінген.

Облыста 16 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Егіс және топырақ өңдеу техникаларының дайындығы 100 пайызды құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымға деген қажеттілігі 72 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 56,8 мың тоннасы – дәнді дақылдар, 7,3 мың тоннасы – майлы дақылдар, 2 мың тоннасы – мал азықтық дақылдар және 5,9 мың тоннасы – картоп тұқымы. Қазіргі уақытта шаруашылықтар қажетті тұқыммен толық қамтамасыз етілген.

Егіс науқанын табысты өткізу үшін облыстық бюджеттен тұқым, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға, сондай-ақ суару суын жеткізу қызметінің құнын өтеуге 4,1 миллиард теңге қарастырылған.

Топырақ құнарлылығын арттыру жөніндегі жол картасына сәйкес, биыл 60,8 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу жоспарланып отыр.

Егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру аясында 2025 жылғы қазан айынан 2026 жылғы қаңтар айына дейін 41 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржы берілді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы