ШҚО-да мал азығы мәселесін шешу үшін пайдаланылмай жатқан жерлер қайтарылады

Шығыс Қазақстан облысы ет пен сүт өндірісі жөнінен көшбасшы аймақтардың бірі, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Фото: pixabay.com

Облыстық мәслихаттың VII сессиясында аймақ басшысы Даниал Ахметов ШҚО агроөнеркәсіп кешенінің даму динамикасы туралы айтты. Әсіресе, Елбасы мен Президенттің ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді арттыру туралы тапсырмалары ойдағыдай орындалып жатқанын жеткізді.

«Облыста майлы дақылдар, рапс, соя және жүгері өндірісі саласын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Ең алдымен егіс алқаптарын әртараптандырып, қайта өңдеу ісін алға сүйрейтін екі май экстракциялық зауытын салуды қолға алдық. Шаруаларға енді екен күнбағыстарын қайда өткіземін, деп бас қатырудың қажеті жоқ. Жақын арада майдың басқа да түрлерін өндіру жұмысы басаталады», – деп хабарлады облыс әкімі Даниал Ахметов.

Мал шаруашылығында да өндіріс пен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөнінде жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Асыл тұқымды мал басын көбейтіп, саланы одан әрі дамыту үшін қосымша мал азығы, жайылымдық жерлер мен бордақылау алаңдары қажет. Бұл қажеттілікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылмай жатқан жерлерге толық талдау жүргізіп, мемлекетке қайтарып алу және жайлау мен жайылымға мұқтаж шаруа қожалықтарына беру жұмыстары қолға алынған.

«Облыс ет пен сүт өндірісі жөнінен көшбасшы аймақтардың бірі. Жем-шөп мәселесін шешу үшін пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекетке қайтарып алу жұмыстары жүргізілуде. Кейбір кәсіпкерлердің тиісті мақсатқа пайдаланбаған жерлерін өз еріктерімен қайтарып жатқаны қуантады», – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, ол Өскеменде ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз, алыпсатарларсыз сатып алуға және қоймаларда сақтауға болатын көтерме-тарату орталығының құрылысын бастауға дайындық жүріп жатқанын хабарлады.

Мұнда қоймалар, кросс-доктар, сауда павильондары, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне арналған қонақ үй салынады. Орталықты полиция мен кеден қызметкерлер күзетеді. Сонымен қатар, мұнда барлық қажет құжаттарды рәсімдеуге, сараптама жүргізуге және сатылатын өнімдерге сапа сертификатын алуға болады.

Орталық жергілікті билікке агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің бағасын негізсіз көтеретіндермен күресуге мүмкіндік береді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы