ШҚО-да майлы дақылдарды өңдеу бойынша ірі жобалар жүзеге асырылуда

Шығыс Қазақстан облысында майлы дақылдарды өңдеу бойынша төрт жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Бүгінде елімізде күнбағыс өнімінің 66%-ы Шығыс Қазақстанда өсірілуде. Ал өңірдің майлы дақылдар бойынша үлесі 23%-ды құрайды. Ал жаңадан салынып жатқан зауыттар Алтай аймағынан экспортқа дайын өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.

Семейдегі май өңдеу зауытының қуаттылығы күніне 1000 тонна күнбағысты өңдеуге жетеді. Бұдан бөлек Глубокое ауданындағы екі ірі цех пен Шемонаиха ауданындағы қайта өңдеу зауыты қолданысқа берілмек.

Облыс әкімі Даниал Ахметов ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасына қысқа уақыт ішінде майлы дақылдардың егістік алқабын арттырудың жоспарын құруды тапсырды. Жоспарға күнбағыстан бөлек, соя, рапс және зығыр сынды тағы басқа дақылдар кіруі тиіс.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тиімділігін арттыру керек. Соя, жүгері сынды өнімдердің алқабын көбейтеміз. 2025 жылға қарай біз соя алқабын 7 есе, жүгері алқабын 5 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді Даниал Ахметов.

Өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде егіс алқаптарының аумағы бөлініп, заманауи өңдеу технологиясы енгізіліп, нарық талабына сай келетін өнімдер шығарылмақ.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы