Сең қозғалып, инвестициялық жобалар артты

Индустриаландыру картасына 1 мыңға жуық жоба енген. Қазіргі таңда олардың 672-сі өмірге жолдама алған. Тың зауыттар мен фабрикалар аграрлық саланы да айналып өткен жоқ.

МТС қанатын кеңге жаяды

3_3Еліміздегі тұңғыш машина-трак­тор стансасы Ақмола облысының Зеренді ауданында құрылған-ды. «Көкшетау»МТС» биылғы жылдың көктемінен ісін дөңгелетуге мықтап кіріскен. Кәдеге жаратылмай, тасада қалған ауылшаруашылық жер учаскелері нысанаға алынды. Түгендеудің дәйек- теріне көз тіксек, бүгінде ауылшаруашылық мақсат- тағы игерілмеген жердің аумағы 5 млн.га асып жығылады. Оның бір миллионға жуығы ақмо- лалықтардың еншісінде.

Бұл ретте шаруалардың дег-бірін қашыратын мәселе де оңтайлан дырыл ғ ан. Шағын несиенің игілігін сезіну үшін кепілге егістік алынады.

– Оның арқасында еңбек өнімділігі айтарлықтай еселенді. Егер жалпы са­лада оның деңгейі 3,4 мың долларға жетсе, ал «Қазагро» жобалары 13 мың АҚШ долларына кенелуге жол ашты. Аталмыш жобада еңбек өнімдлігі 25 мың АҚШ долларын құрады. Жоба шеңберінде қолға алынған жұмыстар тоқтап қалмақ емес, – деп негізгі дәйектерді «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбаса­ры Қайрат Айтуғанов тергіштеді.

Өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеген қанатқақты жобаға қан жүгіртілмек. 2015 жылға артылған межеге сәйкес елімізде 5 машина-трактор стансасы есігін айқара ашады. Қағаз жүзіндегі жоспар өмірге жолдама алса, олардың қызметіне Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері жүгінеді. Ақмола өңірінде де МТС бойынша қолға алынған шаруаларға жан бітпек.

Бастама істің жартысы ғана

Холдинг 2007 жылдан бері инвес-тициялық жобаларға қан жүгіртуге кіріскен. «Қазагроның» қоржындағы құны 299 млрд. теңгені құрайтын 464 жобаның 348-і өмірге жолдама алды. Олардың 17 пайызы ауылшаруашылық өнімді қайта өңдеу саласына тиесілі. Дені дәнді дақылды, етті, балықты, теріні, майды өңдеуге бағытталған көрінеді. Олар шаһарлармен қатар аудандарда да құлашын жайған. Биыл қаржы институты жаңа нарықтарды бағындыруға ден қойған. Нәтижесінде 24 аудан қамтылып, жаңа жұмыс орындарына қарық болмақ.

Өңірлердің даму қарқыны әр түрлі екені хақ. Қазіргі таңда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы көш ілгері, олардың еншісінде 63 жоба бар. 40 жобаны халық игілігіне тапсырған Солтүстік Қазақстан екінші орынға жайғасты. 39 жобаға жан бітірген Алматы облысы үштікті түйіндесе, Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан өңірлері де көзге түскен.

Биыл 68 инвестициялық жобаға қан жүгірту жоспарланған. Олардың 56-сы халық игілігіне тапсырылды. «Қазагро» өкілдері жыл соңына дейін мемлекеттік комиссия өзге 12 ауыл-шаруашылық жобаға оң батасын беретініне үміт артып отыр.

– Инвестициялық жобалар бойынша жүгіне-тіндердің қатары қалыңдады. Өткен жылғы көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайған. Жалпы ұлттық қордан бөлінген қаржының арқасында жалпы қолдаудың соммасы 2009-2014 жылдар аралығында 321 млрд.теңгені құрайды. 2009 жылы 120 млрд.теңге бөлініп, 187 жоба қаржыландырылды. Оның 146-ы бүгінде өмірге жолдама алған. Қазіргі таңда біздің қарауымызда 111 жоба бар, – дейді Қайрат Қапарұлы.

Діттелген инвестициялық жобалар өмірге жолдама алса, сырттан тасымалданатын құс етінің үлесін 21 пайызға, сүт және сүт өнімдері импортын 6 пайызға, жеміс-көкөніс импортын 5 пайызға төмендетуге жол ашылмақ.

Сырттан қаржы құю қарқыны оң

«Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту көрсеткіші оң. 2005-2009 жылдармен салыстырғанда соңғы 4,5 жылда оның құрылымы өзгерді. Сақтандыру мен қаржылық салаларда оның үлесі 22 пайызға төмендеді. Ал өңдеу өнеркәсібінде 2,5 есеге шетелдік тікелей инвестициялар артты», – деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы.

Оның сөзіне сүйенсек, индустрияландыру бағдарламасы өмірге жолдама алмай тұрып, құйылған инвестиция 6 млрд.доллармен шектелсе, енді 15,4 млрд. долларға жеткен.

Аграрлық салаға шетелдік инвесторларды тарту бойынша да сең қозғалған сыңайлы. Құны 8 млрд.теңгені құрайтын, тартылған тікелей инвестицияның көлемі 2,3 млрд.теңгеге жеткен 3 ауылшаруашылық жоба жүзеге асырылды. Олардың бірі Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында американдықтармен бірлесе ашылған асыл тұқымды репродуктор. Алайда қазіргі таңда шетелдіктер аталмыш жобадан шығып, өздерінің жарғылық капиталдағы үлестерін саудаға шығарған көрінеді.

Неміс компаниясымен әріптестік орнатылып, биыл шілде айында Ақмола облысында мал азығын дайындайтын зауыт қолданысқа тапсырылды. 3 мың басқа шақталған репродуктор-шаруашылыққа АҚШ компаниясы инвестиция құйған.

Бүгінде майлы дақылдарды өңдеу зауытын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Тың кәсіпорынның іргетасы қандай өңірде қаланатыны әзірге беймәлім. СҚО не ШҚО нысанаға алынуы ықтимал. Әзірге құны 9,1 млрд.теңгені құраған жобаның жоспары түзілуде екені мәшһүр.

Тамшылату жүйелерін құрастыратын кәсіпорын Атырау облысында жайғаспақ. Оған франциялық компания серіктес болуға бекініп отыр. Жапондық инвесторлар астықты терең өңдеуге қызығушылық танытып отыр. Ал болгариялықтар елордамызда көтерме сауда жүргізілетін базардың құрылысын жүргізуге ниетті. Жаңа жылға дейін бірлескен қазақ-венгер қоры құрылады. Келешекте аталмыш қор ауылшаруашылық жобаларды қаржыландырады деп күтілуде.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы