Ресейден еліктер де жаппай келіп жатыр. СҚО шаруалары егістік алқаптары үшін алаңдаулы
Өңіре Ресейдің іргелес облыстарынан келген Сібір елігінің саны күрт артқан.
Солтүстік Қазақстанда шаруалар ауыл ішінде еліктердің көбейгеніне алаңдап отыр. Айтуларынша, еліктердің санын реттемесе, биыл бидай мен арпаның тең жартысынан өнім ала алмауы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” ақпараттық бағдарламасы.
Жауапты министрлік өз кезегінде еліктердің Ресейден келіп жатқанын және оларды кері қайтару жұмыстары қиынға соғатынын мәлімдеді.
“Көктемде бір ұрғашы елік 2-3 еңлік балалайды. Жазда шөп аз болған соң егістікке келіп, сол жерді таптайды, тұяғымен дәндерді қопарады. Табиғатты қорғау қызметкерлері неге осы мәселені реттемей отыр?” – деді шаруа қожалық басшысы Талғат Мұсарьянов.
Еліктер ауылдарда ғана емес, Петропавл қаласында да қаптап жүр. Мамандар өз кезегінде қала мен далада қаптап жүрген Сібір еліктері екенін айтады. Ресейдегі қорық аумағында қар қалың жауатындықтан, азық таппай қиналған болуы мүмкін.
“Бұлар Ресейдің ерекше қорғалатын аумағынан келіп жатыр. Олар біз жаққа күн суықта қорек іздеп келген. Күн жылыған соң бұған дейін мекендеген ортасына оралады”, – деп сендірді Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Олжабек Холов.
Қазақстандағы 90 мыңға жуық Сібір елігінің 20 мыңы Солтүстік Қазақстанда мекендейді. Алайда, Ресейдің өңірмен іргелес облыстарынан жаппай келіп жатқандықтан, олардың саны еселеп артуы мүмкін.
Дерек көзі: Informburo.kz