Өз басымда жер болмағандықтан, белгілі бір шаруа қожалығымен («Ырыс» бағдарламасының талаптарына сай жағдай жасалған) серіктестікке немесе кооперативке бірігуге болады ма?
Сұрақ.
Сәлеметсіз бе! «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүтті бағыттағы симментал тұқымды 75 сиырды және 3 бас бұқаны сатып алып, сүт өнімдерін шығарумен айналысу ойда бар. Осыған байланысты бірнеше сұрақтарым бар. Өз басымда жер болмағандықтан, белгілі бір шаруа қожалығымен («Ырыс» бағдарламасының талаптарына сай жағдай жасалған) серіктестікке немесе кооперативке бірігуге болады ма? Жеке кәсіппен айналысуға ниет танытқандарға «Ырыс» бағдарламасы бойынша несие беріле ме?
Жауап.
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кооперативті құру тәртібі 2015 жылдың 29 қазанындағы № 372- V «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңына сәйкес реттеледі. Заңның 15 бабы 2-ші тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативі кемінде үш құрылтайшының шешімі бойынша құрылады. Оны құруға кооперативтің екі мүшесі жеткіліксіз саналады.
«Ырыс» бағдарламасы бойынша несиелеу мәселелері бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ анықтама қызметіне жүгінуге болады: 8 800 080 35 05.
Жанна Батабаева
Жауап «АгроИнфо» газетінің 08.04.2019 ж. №6 (200) жарияланды.