Органикалық өнім өндіру талаптары

Органикалық өнімдердің нарығы жыл санап артып келеді. Елімізде де ілгерілеу байқалады. Қыл аяғы экологиялық егіншілікке қан жүгіртуге ынталы бастамашыл топ қалыптасқан. Олар биоөндірісті реттейтін құқықтық тетіктердің күшіне енуін қол­дап отыр. Әзірленген органикалық жер шаруашылығы туралы жаңа заң жобасы халық қалаулыларына жолданды. Өнімді өсіруде және қайта өңдеуде химиялық заттар мен қоспалардан бас тартуды көздейтін құжаттың мәні хақында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева эксклюзивті сұхбат барысында тергіштеді.

Айгүл Соловьева - копия
Айгүл Соловьева

– Айгүл Сағадибекқызы, эколо­гиялық таза өнімдерді өн­дірушілерді сертификаттау жүйесін қарастыратын те­тіктердің ендірілуіне бас­тамашылдық таныттыңыз. Бүгінде бұл мәселеде ілге­рілеу бар ма?

– Құжатты Үкімет бізге кері жолдады. Заң жобасы қайта пысықталып, бірқатар ескер­тулер жетекшілікке алынған. Халықаралық ұйымдар да өз ұсыныстарын білдірді. Бірақ ұсынылған негізгі ұстанымдар­ды сақтадық. Оның мазмұнын биылғы жаз бойы кеңінен талқыға салынды. Талқылау жиындары қыркүйек айында да ұйымдастырылған. Жан-жақты пысықталған құжат қыркүйек­тің 30-ы күні Мәжілістің бі­рінші оқылымда тыңдалады деп жоспарланған.Оның бү­ге-шігесі екінші оқылымда да қарастырылмақ.

Қоршаған ортаға зиян келтірмей, топырақтың құнарлығын сақтау – нысанаға алынған басым міндеттердің бірі. Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы соның бір айғағы. Өткен жылы бекітілген құжаттың үшінші бағыты бойынша органикалық егін шаруашылығына қанжүгіртілмек. Оған сәйкес жерге сіңірілген дән түрлі қоспалардан, синтетикалық тыңайтқыштардан ада болуы тиіс. Дақылдың шығымдылығын арттырудың нәтижесі
еліміздегі табиғи қорлардың зардабына айналмағаны абзал.

– Халықаралық тәжірибе­ге зер салсақ, биоөнімдер­ді өндірудің өзіндік талап­тары бар.Әуелі оған бет­бұратын шаруалар арнайы сертификатты иеленуі тиіс. Бұл рет­те тауардың «экологиялық таза» деген белгісі затына сай екендігін бақылайтын институттар қажет емес пе?

– Бүгінде органикалық жер шаруашылығына ден қойған кәсіп орындардың қатары 31-ге жетті. Олар бұған дейін Германияға барып, шетелдік мамандармен өзара тәжірибе алмасқан. Экологиялық өндір­іс пен өнімді бақылауға алып, сертификаттау әрі стандарт­тау міндеті тұр. Жаңа заң аталмыш институттардың елімізде кеңінен қанат жаюына септеспек. Қапы қалмай, алдын ала сертификаттау қызметтерін қалыптастыру көзделген. Жекеменшік зертханалардың іргесі қаланады. Олар органикалық өнімнің өсірілу барысын сараптап, атына заты сай екендігін қамтамасыз етеді. Меніңше, органикалық жер шаруашылығы тауар өндірушілердің қызығушылығын оятады. Себебі Бүкіләлемдік сауда өркениетті келешекке ұмтылған әрі өз денсаулығын қаперге алған. Адамзат эко-логиялық таза өнімді тұтынатынын көрсе-тіп отыр. Меніңше, бұл үрдіс бізде де дамудың даңғыл жолына түседі. Егер бұл өз еліміз-дің ішінде дұрыс сақталса, онда еншіміздегі құнарлы жердің, мүмкіндіктердің, білімнің берекесін сезінеміз.

Бүгінде жер-жаһанда «экологиялық таза» белгісі бар өнімдергі сұраныс еселенген. Ресми деректерге көз жүгіртсек, Еуропада 5млн гектар алқапта, Латын Америкасында 4, 7 млн гектарда, Австралияда 10 млн гектар жерде органикалық өнімдер өсірілетін көрінеді.

– Экоөнімдердің құны әдеттегі өнімдерге қарағанда қымбат екені мәлім. Қалтаны қақпай ма?

– Сөзіңіздің жаны бар. Оның құны 20-30 пайызға қымбат болуы ықтимал. Қалтасына салмақ салмайтындар оны тұтынады. Ал қолы жетпейтіндер, өздері де өсіре алады. Бізде әлі де бағындырылмаған белестер бір төбе. Әлемде аса сұранысқа ие экологиялық таза өнімдерді неліктен сыртқа сатпасқа? Оның арқасында қазынаға түсетін салық көлемі еселенеді. Әлеуметтік көмекті дамытып, қазына қаржысын мақсатты түрде жұмсаймыз. Қара алтынға әбден иек артып, одан тысқары ойлағымыз келмейді. Ал жаңа заң жобасындағы реформалар жер-жаһанда сұранысқа ие өнімдерді өндіруге қадам басуға септеседі. Себебі біздің нарық шағын, шектеулі, аса үлкен емес. Өз шаруасын дөңгелетуге ниет білдірген кез келген адам өз орнын таба алады.

– Мұндайда «Маңдайы терлемегеннің, қазаны қайнамайды» деген мақал-мәтел ойға оралады. Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.

Венера Мұстафина

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы