Малшылар мен егіншілер: Шетелден келген маусымдық жұмысшылар қай салаларға тартылады?

Бұйрық 17 сәуірге дейін қоғам талқысына шығарылды. 

Фото: pixabay.com

Елде маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесі бекітілмек. Бұл туралы еңбек министрлігінің Ашық НҚА-да орналастырған құжатында жазылды. Министрдің бұйрығы 17 сәуірге дейін қоғам талқысына шығарылды. Бұл туралы Informburo.kz сайты хабарлады.

“Қоса беріліп отырған маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі бекітілсін. “Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы” еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 бұйрығының күші жойылды деп танылсын”, – делінген бұйрық мәтінінде. 

Бекітілетін кәсіптердің атауы:

  • бағбандар және бақшашылар;
  • егіншілер және көкөнісшілер;
  • темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар;
  • өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар;
  • мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар;
  • аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар.

Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы