8 701 394-21-28

agro_info@bk.ru

Мал шаруашылығын бастауға жылқы малын өсіруге мемлекеттен қандай көмек бар. Өз басымда мал, жер жоқ.

14.12.2015 ж.

Жауап. Ең алдымен жер иелену үшін барлық құ­жаттарды дайындау керек. Ол үшін сіздің шара­ушылығыңыз орналасқан жердегі жергілікті орындаушы органдарға (аудандық немесе қа­лалық әкімдікке) хат жолдау қажет.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 37 бабына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану (жал­дау) құқығы мынадай тәртіппен беріледі:

1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:

– Қазақстан Республикасының азаматтарына – 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге;

– оралмандарға – 25 жылға дейінгі мерзімге;

2) тауарлы ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін:

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;

– шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капи­талындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқадамдар­дың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейiнгі мерзімге беріледі.

Екіншіден мал сатып алу қажет.

Қазақстан Республикасының ауыл шару­ашылығы Министрінің 2014 ж. 19 қарашада №31/ 600 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал ша­руашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімді­лігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағи­даларына сәйкес субсидиялардың екі түрі бар:

  1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін байталдар мен сәуріктерді сатып алуға әр басқа40 000 теңге көлемінде субсидия беріледі. Егер асыл тұқымды малды тек отандық асыл тұқымды зауыттар­дан және шаруашылықтардан сатып алынса.

Сонымен қатар сатып алынатын жылқының жасына қатысты талаптар да бар (байталдар – 3 жасқа дейін; сәуріктер – 5 жасқа дейін).

Зоотехникалық қырылу нормалары шегінде сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өсімін молайту мақсатында кемінде екі жыл, асыл тұқым­ды тұқымдық аталықтарды кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану.

  1. Іс жүзінде жұмыс жасап жатқан фермаларға өнді­рілетін өнімнің сапасын және өнімділігін арттыруға суб­сидиялар бөлінеді. Субсидия алу үшін құрылғылар мен мал болуға тиіс. Ережелерге сәйкес, сатылған жылқы етінің 1 келісіне 92 теңге субсидия берілуге тиіс.

Шаруашылықта келесі шарттар орындалса:

1) Ағымдағы жылғы 1 қаңтарына жылқының аналық басының кемінде 75 бас болуы,

2) Жылқының (союға өткiзілетін) тiрiдей салмағы кемінде 350 килограмм болуы тиіс,

3) Ветеринарлық, ветеринарлық-санитарлық iс-шара­ларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотех­никалық есепке алуды жүргізу

4) Малдың ұқсастық сәйкестік нөмірлерінің болуы және мал басын АЖС-да тіркеу.

 

Жанна Батабаева

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы