Қызылорда облысында мал басы көбеймей отыр

Малшаруашылығын дамытуға жыл сайын қыруар қаржы бөлінеді, деп хабарлайды «24KZ» тілшісі.

Фото: freeimages.com

Мәселен «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 33 кооператив және 373 жеке шаруаға 3 миллиард теңге берілген. Агросаланы қолдауға бағытталған басқа да жобалар бар. Дегенмен нәтиже көңіл көншітпейді», – дейді мамандар. Сараптама жүргізген «Аманат» партиясының өкілдері біраз былықты анықтаған. Ресми құжат дайындап, танысының, тіпті көршісінің малын сатып ала салғандар бар. Сондықтан биылдан бастап шаруалар асыл тұқымды малды өзге өңірлерден алатын болды. Жобаға сондай талап енгізілді. Алдын ала келісімшарт жасағаннан кейін ғана мемлекет ақша аударады. Тағы бір мәселе – ауылдықтар қолдағы малын ресми тіркеуге асықпайды. Оның өзі санақ жүргізуге кедергі болып отыр.

Наурызбай Байқадамов, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы:

– Біз қазір тұрғындардың әрқайсысы өз малын базаға тіркеуге жұмыс жасап жатырмыз. Сонда жерді мемлекет қайтарып алмайды. Ауылдың іргесіндегі жайылымды халыққа ортақ пайдалануға мүмкіндік беріледі. Ол жерге басқа ауылдың малы жайылмайды. Сол ауылдың малы ғой. Бірақ заңда сондай болған. Осыны регламенттеу жөнінде біз парламентке ұсыныспен шықтық. Қазір жұмыс жасап жатыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы