Қостанай облысында «Jańa Dala / Green Day ‘2024» агрокөрмесі жұмысын бастады
Бүгін Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өндірісі мен агробизнестің ең ірі қазақстандық өңірлік көрмелерінің бірі өз жұмысын бастады. «Jańa Dala / Green Day ‘2024» мамандандырылған көрсетім-көрмесі Дала күні форматында өтеді және екі күнге созылады.
Іс-шараның ашылуы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өтті.
«Jańa Dala / Green Day ‘2024» қазақстандық Дала күні – бұл заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен өнімділігі жоғары техниканың мүмкіндіктерін, ветеринария, селекция, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы жетістіктерді көрсететін өңірдегі ең ірі көрсетім алаңы болып табылатын дәстүрлі көрме.
Комбайндар мен тракторлардың қазақстандық өндірушісі – AGROMASH зауытының өкілдері атап өткендей, 2023 жылы зауытта 1250 бірлік өздігінен жүретін техника шығарылған, бұл ретте, трактор өндірісі айтарлықтай – 939 бірлік көлемінде өсті. 2025 жылы отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дәстүрлі түрде жаңалық күтіп тұр: қуаты жаңа LOVOL және DEUTZ-FAHR тракторларының моделі және ESSIL комбайны.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы техникасының әйгілі неміс өндірушісі – «Amazonen Werke H. Dreyer SE & Co. KG» фирмасы өкілдерінің айтуынша, Қазақстан өзінің миллиондаған гектар егістік жерлерімен AMAZONE техникасы үшін орасан зор әлеует болып табылады. ««Jańa Dala / Green Day» қазақстандық Дала күнінің» көрсетім-көрмелеріне тұрақты қатысуының арқасында, «Amazone» өнімі қазақстандық нарықта өте танымалы өнімге айналды, лайықты нәтижелерге қол жеткізілді», – деді неміс өндірушісінің Қазақстандағы филиалы, Амазоне компаниясының қызметкерлері.
Көрмеге қатысушылар мен қонақтардың қатарында машина жасау кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушілер, қазақстандық және шетелдік өнім берушілер, аграрлық ғылымның, асыл тұқымды мал шаруашылығы шаруашылықтарының және қаржыландыру ұйымдарының өкілдері бар.
Өңірдің фермерлері мен агроқұрылымдары үшін аса маңызды іс-шаралардың арасында «Jańa Dala / Green Day ‘2024» көрсетім-көрмесінде мынадай іс-шаралар:
– Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың көрсетімі (топырақты өңдеу, егіс жұмыстары, мелиорация және суару);
– Малшыларға арналған техникалар мен жабдықтар;
– Жетекші селекциялық станциялардан жоғары өнімді және сапалы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары себілген жер телімдері;
– «Автодом Қостанай» ЖШС жол талғамайтын көліктердің тест-драйвтары;
– GroupWise платформасында Сингент компаниясының кешенді агрономиялық сүйемелдеуі, Cropwise в Aitas Agro цифрлық платформасын практикалық қолдану тақырыптары бойынша «Қазақстан Сингентінен» конференциялар;
– Инновацияларды енгізу және тауарлы-сүт фермаларының құзыретін арттыру тақырыбына «Westfalia Казахстан» компаниясынан конференция;
– Германия мен Қазақстан арасындағы неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы (АСД) жобасымен Органикалық егіншілік және Сертификаттау: Әлемдік нарықтарға сенімді қолжетімділік және кірісті арттыру тақырыптарын талқылау;
«Jańa Dala / Green Day ‘2024» көрсетім-көрмесіне қатысушылар өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, техника мен жабдықтарды өндіру және жеткізу, органикалық егіншілік – ауыл шаруашылығы өндірісімен және аграрлық бизнеспен байланысты барлық салаларда мол тәжірибелерімен және технологиялармен бөліспек.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясымен бірлесе отырып, Қазақстанның «EXPO TIME» компаниясы. «EXPO TIME» ЖШС директоры Әділхан Сағымбаевтың айтуынша, «Jańa Dala / Green Day ‘2024» сияқты көрмелердің ел өңірлеріндегі маңызы ерекше зор.
«Біріншіден, бұл бір салада жұмыс істейтін әріптестер мен достардың көптен күткен кездесу орны. Сонымен қатар, бұл мамандар өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, техника мен жабдықтарды өндіру және жеткізу, органикалық егіншілік саласындағы мол тәжірибелерімен және технологиялармен – ауыл шаруашылығы өндірісімен және аграрлық бизнеспен байланыстының бәрімен бөлісетін маңызды алаң», – деді «EXPO TIME» басшысы.