Кезекті бастама асығымызды алшысынан түсіре ме?

«Агробизнес-2020» бағдарламасының игілігін Шопан ата тұқымына бет бұрған шаруалар да татуда. Жыл басынан тың «Алтын асық» бағдарламасы өмірге жол­дама алып отыр. Демеудің тың тетіктері етті аша тұяқтыларды көбейтіп, шетелдік нарыққа жол тартатын қазақстандық өнімнің үлесін арттыруды көздейді.

 Мал баққанға бітеді

Жер-жаһанда шамамен 900 миллион аша тұяқтылар болса, оның 18 миллионы қазақтың жайылымдарын мекендейді. 2,5 миллионға жуығы (14%) асыл тұқымды. Бұл бағытты ұстанған шаруашылықтардың қатары 500 – денасып жығылады. Отар ымыз д а Шопан ата тұқымының 15 түрі бар. Оның ішінде биязы жүнді, қылшық жүнді, құйрықты-етті кездеседі.

«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір» демекші, бүгінде Шопан ата төліне бетбұрыс бар. Қой шаруашылығының аяқ алысы да көңілге медеу. Басқаларға қол жаймаймыз, импортқа да тәуелді емеспіз.

Қазіргі таңда қой етімен дастарханымыз 100 пайыз қамтылған. Есепке көз тіксек, бір қазақстандық  жылына шамамен 9 келісін қолданады. Жалпы тұтыну нормасы 8 келіні құрайды. Ал өзімізден артылғаны өзге мемлекеттерге жол тарту­да. 2013 жылдың дерегіне сүйенсек, Еуропа елдері мен көрші Ресей 300 тоннадан астам қазақстандық қой етіне қарық болған. Аспан асты елі қызығушылық танытуда. Десек те биыл сұраныс саябырсыған. Шенділердің уәжі сыртқы нарықтың көңілі қозының етіне ауады. Сұраныс көп, құны да едәуір жоғары. Енді отандық өңдеу кәсіпорындары салқындатылған жас төлдің етіне басымдық беруі тиіс. Олардың қызығушылығын ояту жолында атқамінерлер қам- қарекетке кіріскен.

– Тауарлық шаруашылық- тарды дамыту көзделген. Еліміз де асыл тұқымды қойшаруашылықтары жеткілікті. Тек көбіне шағын қожалықтардың оларды са­тып алуға мүмкіндіктері жоқ. Осы екі тарап арасында бай­ланыс орнату қажет. Текті малдың басын тауарлық шаруашылықтарға ауысты­рып, тұқымын жақсарту міндеті тұр. Қой етін өндіру және оның экспортын арттыруға баса мән берілмек, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы депар- таменті директорының м.а. Еркебұлан Ахметов.

Қимылдаған қыр асады

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңберінде биыл демеудің тың тетігі күшіне енді. «Алтын асық» бағдарламасы шаруалар ­ды 2 миллион 200 мың бас қойға қарық етпек. Бұл алдағы 6 жылда бағындырылатын меже. Ал биыл отар 200 мың басқа көбеймек. Әзірге жо­спар 35 пайызға орындалған. Несиелендіру жүгі ««Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жүктеліп отыр.

– Ақтөбе, Алматы , Жамбыл , Қарағанды , Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 214 шаруа қожалығының өтінімдері құпталды. Олар 35 мыңнан астам қой сатып алмақ. Бұл бағытта несие түрінде 952 млн. т еңге б өлінеді. Б үгінде 175 ауылшаруашылық та­уар өндірушіге жалпы 781 млн. теңге несие түрінде үлестірілді. Қаражат 29 мыңнан астам қойға жұмсалды, – деп нақты дәйектерді қаржы институтының баспасөз хат­шысы Тілеген Әбішев тізді.

Бір ашатұяқтыға қарастырылған қаржы 25 мың теңгені құрайды. Сатып алы­натын қойдың түріне шектеу жоқ. Айналымдағы қаржыны толықтыру, қора-қопсыны салу, техникамен қамдану үшін де аталмыш қаржы институтына жүгінуге жол ашық. Несиенің жылдық үстемеақысы 14 пайыз. Қой сатып алсаңыз, оның тең жартысын мемлекет өтейді. Ал құрал-жабдықпен жарақтануға ниет білдіргендер 4 пайыздық несиені рәсімдейді. Арадағы айырмашылық қазына дан демеуқаржыландырылады.

Шаруаның сағын сындырмайды

Несиелеу бағдарламала- рының көптігі құба-құп. Тек әдетте кепілдің шарттары ауылдағы шаруаларды әлекке салады. Кесірінен жігеріне құм құйылып, несиеден қағылатын- ды. Мамандар мұны қаперге алып, талаптарды жеңілдетуге тырысқан.

«Кепі ге әуелі өтінім толтырған шаруашылықтың жер учаскесі, сатып алына­тын қой басы алынады. Егер мұның өзі жеткіліксіз бол­са, онда шаруаның үйі, қолда бар техникасы қойылады. Ал қой шаруашылығына қажетті техникамен қамдануға ниет білдіргендер оны кепілге ұсына алады», – деп мәселенің мәнін Еркебұлан Ахметов тергіштеді.

Еншіңіздегі жер де сүзгіден өткізіледі. Бір қойға 0,2 га аумақ қарастырылуы тиіс. егер Шопан ата төлін бағатын учаскеңіз жетпесе, қолдаудың игілігінен қағыласыз.

Қызығушылық бар

Бастама көптің ынтасын оятқан көрінеді. Шенділер сұраныстың еселенгенін алға тартады. Қыл аяғы Оңтүстік Қазақстан облысы жоспарды артығымен орындап, 250 пай­ызды еңсерген. Ақтөбе облы­сында да төрт түліктің саны артқан. Сәйкесінше нарықтағы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де еселенді. Өңір тізгінін ұстаған Архимед Мұхамбетовтің дерегіне жүгінсек, биыл 63,0 мың тонна ет, 187,5 мың тон­на сүт өндірілген. Аймақ бағындырылған жетістікке тоқмейілсімей, «Алтын асық» бағдарламасын да мықтап қолға алмақ. Оның шеңберінде 200 мың қой сатып алу жоспарланған. Оған ақтөбелік Берік Оспанов та өз септігін тигізбек. Шаруа тәуекелге бел буып, кәсіптің тынысын ашу­ды ұйғарған. «Жеміс» шаруа қожалығы атауына қарамастан, ата кәсіпті жаңғыртуға бел буды. Іргесі 2003 жылы қаланған. Мартөк ауданының Родниковка кентінде қанат жайған. Шаруашылық Зеңгі баба, Қамбар ата тұқымын көбейтіп, нәпақасын тауып отыр. Қой шаруашылығын да дөңгелетіп алуға тырысып бағуда. Аша тұяқтының санын көбейту үшін қаржы институты­на жүгінген. Өтінімі құпталып, бүгінде 300 аналық бас және 16 асыл тұқымды еділбай қойларын сатып алды.

Түйін:

Қазақтың жері шұрайлы, табиғи жағдайы қолайлы. Қой шаруашылығы еліміздің барлық облыстарында мықтап қолға алуға мүмкіндік бар. Кәсіптің бұл түрі батыс, оңтүстік өңірлерінде кең қанат жайған. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында да бетбұрыс оң. Атқамінерлер соны бастаманың арқасында жас төлдің етін өндіруге ын­таны арттырмақ. Осылайша сыртқы нарықты отандық қой етімен бағындыру межелен­ген. Бүгінде ирандықтар да қазақтың аша тұяғына көз тігіп отыр. Әзірге екі тарап арасын­да келіссөздер жүргізілуде.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы