Қазақстандық шаруаларға бақылау бекеттерінен өту тәртібі жеңілдетілді
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында шаруаларға жеке төлқұжатымен жүріп тұруды рұқсат беру ұсынылды.
Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Карантинге байланысты шаруалардың ауданаралық және облысаралық жолдардағы бекеттерден өтуі қиындаған. Алайда қазір әр облыстағы жедел штабтарда оларға электронды және қағаз түрінде анықтама беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сапархан Омаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:
– Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Сол отырыста біз шаруаларға жасыл дәліз бойынша жүру және өзінің жеке құжатымен өте беруге рұқсат беру туралы өтінішпен шықтық. Бірақ бұл жерде әр кәсіпорын басшысы өз жұмысшыларының санитарлық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету керек деген шартпен жасап жатырмыз.
Дереккөзі: Хабар 24