Қазақстандық шаруалар көктемгі егіс жұмыстарына несие алу үшін өтінім беруде белсенді

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарына бюджеттік несие беру жалғасып жатыр, деп хабарлайды “Аграрлық несие корпорациясы”АҚ баспасөз қызметі.

Фото: freeimages.com

2023 жылы “Кең дала” бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 миллиард теңге бөлінді. Өтінімді қабылдау басталған күннен 9 күн ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 48 миллиард теңгеге 1 мың 211 өтінім келіп түсті. Тағы 668 фермер құжат жинау сатысында.

Қаржыландырудың көп бөлігі – 5,8 миллиард теңге несие серіктестіктері арқылы берілді. Микроқаржы ұйымдары арқылы фермерлер 800 миллион теңге рәсімдеді. Биыл несие алуды жеңілдету және жеделдету мақсатында Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыруды тек несие серіктестіктері, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырып жатыр. Агроөнеркәсіп субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық бес пайыздан аспайды.

Бұл қаражат жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер, минералды тыңайтқыш, тұқым сатып алуға және егін егу мен жинауға арналған өзге де іс-шараларға жұмсалуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бастап бағдарлама шарттары бойынша алғаш рет несиелеу мерзімі келесі жылдың көктемінің басына дейін ұзартылды, бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген болатын.

Сонымен қатар, оңтүстік аймақтар алғаш рет өткен жылдардағыдай сәуір айында емес, алдын-ала, яғни былтыр желтоқсанда қаржыландырылды. Сондай-ақ, 1 гектарға жұмсалатын шығыстар нормативінің мөлшері орта есеппен 25% – ға ұлғайтылды. Несиелеу бойынша толық ақпаратты Аграрлық несие корпорациясының облыстық  филиалдарында немесе www.agrocredit.kz сайтынан алуға болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы